ӨНДІРІС МАМАНДАРЫМЕН ТІЛ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ

Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 мамыр, 2024

 

2024 жылғы 4 мамыр күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Халықаралық байланыс және PR бөлімінің бас редакторы Дәулеткерей Құсайынов «Астана-Теплотранзит» АҚ жұмыскерлерімен мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, тілдік кемсітушілікке жол бермеу тақырыбы төңірегінде кездесу өткізді.

Ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін тілдің кең қанат жайып өркендеуі қажет. Бұл жолда Орталық өз құзыреті шеңберінде қадау-қадау жұмыстарды атқарып келеді. Осы орайда, оның халық арасына кеңінен тарауы маңызды. Орталық мамандары мемлекеттік тілдің өзінің нормативтік-құқықтық мәртебесіне сәйкес қоғамның кейбір салаларында толық қолданылуы жөнінде ҚР Парламенті қабырғасынан бастап, орталық басқару жүйесінің құзыретті органдарында түрлі пікір алмасулар ұйымдастырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын және оның әлеуетін толық ашу жөнінде мекеме, кәсіпорын ұжымдарымен кездесуде.

Бұл жолы да кезекті жоспарлы жүздесу осы мәселелерге арналды.

Өндіріс саласы мамандарының арасында, әсіресе, Орталық дайындап жүзеге асырған sozdikqor.kz, balatili.kz, Termincom.kz жобалары аса қызығушылық тудырды.


Баға беріңіз