Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері» республикалық біліктілікті арттыру курсы

21.9.2017 561

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, «Оқжетпес» шипажайы мекемесінің сұрауы бойынша қазақ тілінің оқытушысы Омарова Айнұр Халықбергенқызы «Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері» атты республикалық біліктілікті арттыру курсына қатысты.

Курстың ұзақтығы 36 сағатты құрады. Курстың мақсаты – қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерін үйрету, тілді оқытудағы инновациялық әдістерді практикада қолдануға баулу. Шара барысында Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Есбосынова Лиза Қожаққызы дәріс оқыды.

Дәріс аяқталғаннан кейін курсқа қатысушыдан сауалнама алынды. Сауалнамаға талдау жасау барысында қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері бойынша біліктілікті арттыру курсының тиімділігін айта келіп, жиі өткізілуін сұраған тілегін білдірді.

Курстың өтуі туралы Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының сайтында жарияланды.

Тегтер: қазақ тілі,тиімді әдіс
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

501 0

ақпарат

Республикалық біліктілікті арттыру курсы