Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Славян жазбалары күндері

21.9.2017 707

Шараның өзектілігі: Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында этностардың тілдерін сақтау және олардың мәдениетін өзара байыту үшін қажетті шаралармен қамтамасыз ету көзделген. Этностардың мәдени шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Шараны өткізудің негіздемесі:

Шараның мақсаты: Қызметтің бұл түрінің басты мақсаты – Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс және өзге де славян тілдерінің қызмет атқаруын қамтамасыз ету, Қазақстан қоғамының көптілділігін дамыту және славян этнос жазба мұраларын сақтау болып табылады.

Шараның өткізілу орны мен уақыты: Астана қаласы, 2017 жылғы 27 мамыр, Ресей ғылым мен мәдениет орталығы.

Қазақстанда жазба және мәденит күніне арналған шараларды өткізу дәстүрі қалыптасқан. Осыған орай 23 мамыр күні славян жазбалары мен мәдениеті күндері атап өтіледі. Осы мерейлі күннің аясында «Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен славян мәдениетіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес.

5. Шараға қатысушылар:

Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылары мен мүшелері;

Славян және өзге де этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері;

Халықаралық шаралар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері;

Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің елшілері, дипломатиялық миссия қызметкерлері;

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері;

Астана қаласының оқу орындары мен ЖОО филолог ғалымдары және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері;

Дінбасылар өкілдері;

БАҚ өкілдері;

өзге де қонақтар.

Күнтізбелік жоспарды құрастыру;

«Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен салтанатты кешке шақырылған қонақтардың тізімін жасау;

Шетелдік және отандық ғалымдардың дөңгелек үстелге қатысуларын қамтамасыз ету;

«Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жобасын әзірлеу;

«Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция және салтанатты кештің сценарийін әзірлеу;

Конференцияға қатысушы шетелдік және отандық ғалымдардың баяндамаларының тезисін дайындау;

Қызметкерлерді шараны ұйымдастыру жұмыстарына қамтамасыз ету;

Салтанатты кешті өткізуге арналған зал мен техникалық құралдарды жалға алуды қамтамасыз ету;

Көлік қызметтерімен қамтамасыз ету;

Конференция мен салтанатты кешті өткізуге арналған орындарды безендіру жұмыстарымен қамтамасыз ету;

Конференцияға қатысушыларды қонақ үймен қамтамасыз ету;

Түскі ас;

Баспа өнімдерінің эскиздерін дайындау;

Шараны ұйымдастыруға ақпараттық қолдау көрсету;

«Түркі-славян қатынасындағы байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары бойынша жинақ құрастыру.

Шараға қатысушылардың саны адам???

Жауапты мемлекеттік орган: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК.

«Славян жазбалары мен мәдениеті күндері» шарасын өткізу тұжырымдамасының мақсатын жүзеге асыру бойынша міндеттері:

Жалпы сипаттамасы:Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстандағы славян және түркі мемлекеттерінің өкілетті елшілері, қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар, этно-мәдени бірлестік және БАҚ өкілдері қатысады

Күтілетін нәтиже: Азаматтардың этномәдени және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, Қазақстандағы славян этностарының мәдениеті мен тіліне қоғамның қызығушылығын арттыру.

Шара барысында славян жазбасын зерттеуші еліміз бен шетелден келген ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуы қамтамасыз етіліп, зерттеу бағыттарындағы күрделі мәселелерді бірігіп шешу жолдарын қарастыру, жас ғалымдардың славян жазбаларын зерттеуге деген құлшыныстарын арттыру тәрізді мәселелер қамтылатын болады.

Шара аясында «Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен славян мәдениетіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Концерттік бағдарламада шараның тақырыбына сәйкес концерттік нөмірлер ұсынылады, концерт екі тілде (қазақшы, орысша) жүргізіледі. Кәсіби әртістер мен кәсіби шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Және де Led экран арқылы славян халықтарының әртүрлі ұлттық өрнектері көрсетіледі. Концерттік бағдарлама 1 сағат 20 минут көлеміне жоспарланған.

Жалпы шараның өткізілуі бойынша материалдар шара өтетін мерзімнен 10 күн бұрын www.facebook.com, www.twitter.com әлеуметтік желілерінде, www. tilortalyq.kz, www.abai.kz, www.qamshy.kz интернет-ресурстарында, «Қазақ радиода», «Жас қазақ» газеті арқылы насихатталатын болады. Ақпараттық мәтіндер жобасы әзірленеді және келісіледі. Баспасөз парағы дайындалады.

Шара толыққанды кәсіпқой фото, бейне, аудио қызметтермен қамтамасыз етіледі, қажетті құралдармен жабдықталады.

Тегтер: Славян, жазба, күн
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

870 0

ақпарат

Дүниежүзі қазақтары V құрылтайы