Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Мемлекеттік тіл және БАҚ

21.9.2017 711

Өткізілетін уақыты:

16 маусым 2017 жыл, сағат: 15.00.

Өткізілетін орны:

Астана қаласы, «Қазанат» ипподромы аумағында орналасқан "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешені

Ұйымдастырушы:

«Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ

Конкурстың өзектілігі

Мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің қоғамның бар саласындағы орны мен қызметі Конституциямызда, Тіл туралы заңда толық айқындалған. Бұларға қоса, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оны дамыту «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» жан-жақты қамтылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас, екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деуі және осы оймен сабақтасып келетін «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деген ұтымды пікірі де тілімізді, ұлтымызды қадірлеуге шақырғаны. Осыдан-ақ, сөз жоқ, тіл-ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениеттің жасауы болып табылады.

Елбасының ағымдағы жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мемлекетіміздің дамуының жаңа кезеңіне арналған тарихи маңызы ерекше бағдарламалық мақаласы ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлік сынды мәселелерді тереңнен ұғынатын міндет жүктеді. Мақалада заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыру керектігі айтылып, алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жоба ұсынылды. Соның ішінде:

қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау;

тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология ғылымдары бойынша жоғары білім беру саласында жаңа типтегі мамандарды дайындаудың сапасын арттыру;

гуманитарлық білім берудің барлық салаларына арналған әлемдегі ең жақсы жүз оқулықты қазақ тіліне аудару;

ұлттық аударма бюросын құру арқылы аталған оқулықтарды өз тілімізге сапалы түрде аудару.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалардың да жүзеге асыруды қолға алу қажеттілігі айтыла келе, БАҚ –тың осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керектігі тапсырылды.

Ұлттық идеяның генераторы - қазақтілді БАҚ. Бүгінгі жаһандану заманында ақпарат кеңістігінің негізгі бөлігі болып отырған қазақтілді газет-журнал, телеарна, радио және интернеттің алатын орны ерекше. Мемлекеттік тілді көпшілік тілі етудің қайнар көзі - қоғамдық сана қалыптастырушы БАҚ өкілдері екендігі анық. Сол себепті де, бұқаралық ақпарат құралдары қоғам тәрбиесіне тікелей ықпал ететін тәрбие институты болмақ.

Мақсаты

Мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда, радио, телеарна мен сайт бағыттарында насихат белсенділігін арттыру.

Мемлекеттік тілдің ұлттық бірлік пен Тәуелсіздіктің символы ретіндегі маңызын күшейту, оның қоғамдағы біріктірушілік рөлін кеңінен насихаттау;

мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативті қызметтерін кеңейту және нығайту;

мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен жұмылдыру;

журналистердің шығармашылық бастамаларын қолдау және олардың назарын мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту проблемаларына аудару.

Міндеттері

Ережесі

Конкурс мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауда белсенділік танытып, тілдің қоғамымыздағы атқарар рөлі, ахуалы жайлы өзекті мақалалар (бағдарламалар) жариялаған газет, телеарна, радио, сайт саласының журналистері мен тәуелсіз қаламгерлер қатыса алады. Үміткерлер конкурс ережесіне сай жарияланған еңбектерін төрт номинация бойынша ұсына алады:

«Үздік мақала» (мерзімді баспасөз бойынша);

«Үздік телебағдарлама» (телеарна бағдарламасы бойынша);

«Үздік радиобағдарлама» (радио бағдарламасы бойынша);

«Үздік сайт мақаласы» (сайт материалдары бойынша).

Конкурс жеңімпаздары қазылар алқасының шешімі арқылы анықталып, арнайы дипломдар, алғысхаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Күтілетін нәтижелер

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын өткізу арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткізілмек:

мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға журналистердің, яғни БАҚ өкілдерінің тікелей араласуы арқылы үлес қосу;

мемлекеттік тіл саясатына және оның әлеуметтік-өндірістік салада қолдану аясына қатысты халықты толғандырып көкейінде жүрген өзекті проблемаларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария ету;

журналистер қауымы арқылы тіл саясатында атқарылып жатқан игі істер, шаралар жайлы халықты хабардар ету.

Тәртібі

Бұл конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырманы орындаудың 2017 жылғы 14 ақпанындағы

№ 9 шартына сәйкес ұйымдастырылады.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру өңірлік, республикалық

БАҚ-та жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ресми сайтында және Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының Tilalemi.kz cайттарында орналастырылады.

Конкурсқа қатысушылар Ережеде көрсетілген төрт номинация бойынша өтінімді Комитетке ағымдағы жылғы 5 маусымға дейін төмендегі материалдармен бірге ұсынады:

1. 2016 жылғы 10 маусым мен 2017 жылғы 5 маусым аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген үш материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;

Мақала жарияланған газет-журналдың түпнұсқасы, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың СD, DVD дискідегі жазбасы, «Word» форматындағы электрондық нұсқасы;

ұсынылған материалдардың «Tilalemi.kz» порталындағы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» айдарына орналастырылғандығын растайтын құжат (скриншоттар немесе сілтемелер).

Жүлдегерлерді анықтау

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қаламгер журналист мамандардан құрылған

5 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Оның құрамын Комитет анықтайды. Конкурсқа қатысушылардың материалдары жинақталғаннан кейін қазылар алқасының отырысы өткізіледі. Отырыста қазылар алқасының дауыс беруі арқылы төрт номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Тегтер: Мемлекеттік тіл, БАҚ, республика, конкурс, байқау
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

689 0

ақпарат

«Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізу қағидалары

766 0

ақпарат

«Тіл шебері - 2018» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық конкурсын өткізу қағидалары

1284 0

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын өткізу қағидалары