Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы әдіс, тәжірибе, инновация» республикалық әдістемелік семинар-тренингі

21.9.2017 755

Тұжырымдаманың өзектілігі. Алматы қаласы мен және республиканың жекелеген өңірлерінде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқыту курстарын ұйымдастыру керектігі айтылған.

Бағдарламада көрсетілген міндеттерді іске асыру арқылы республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктердің жанындағы жексенбілік мектептерінде қазақ және ана тілдерін оқыту курстарын ұйымдастыру арқылы қазақ және ана тілдерін оқуға мүдделі этностық топ өкілдеріне мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады.

Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгерумен қоса ана тілдерінің үйрену жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар –тілдерді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және тілдерді меңгеру процесін ынталандыру.

Мақсаты.

Этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептері жанындағы қазақ тілі мен ана тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыру арқылы этникалық топ өкілдеріне мемлекеттік қолдау көрсету және тілдерді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.

Міндеттері.

- тілдердіңі оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу;

- өзге ұлт өкілдеріне ана тілдерімен қатар мемлекеттік тілді меңгеруін ынталандыру, талап етілуін арттыру және оны зерделеу үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінде шаралар кешенін әзірлеу;

- оқытуды бір жүйеге түсіру мақсатында салалық оқу кешендерін, сөздіктер мен оқыту бағдарламаларын әзірлеу және басып шығару;

- тілдерді оқытудың жаңа, баламалы, анағұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеумен және жасаумен кәсіби түрде айналысатын мамандарды ынталандыру.

Жалпы сипаттамасы. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары және облыс орталығынің Тілдерді дамыту басқармасның басшылары, жексенбілік мектептерінің оқытушылары мен әдіскерлері қатысады.

Шара барысында әдіскер-ғалымдар қазақ және ана тілдерді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөліседі. Жексенбілік мектептер мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер панорамалық сабақтар мен онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетеді. Республикаға белгілі филолог ғалымдар өз тәжірибелерімен бөліседі.

Жалпы шараның өткізілуі бойынша материалдар шара өтетін мерзімнен 10 күн бұрын www.facebook.com, www.twitter.com әлеуметтік желілерінде, til.gov.kz, www.tilalemi.кz, www.tilortalyq.kz интернет-ресурстарында, радиода, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталатын болады. Ақпараттық мәтіндер жобасы әзірленеді және келісіледі. Баспасөз парағы дайындалады. Шараның ашылуында сөйлейтін қонақтар мен қатысушыларының кіріспе, құттықтау сөздерінің жобасы әзірленеді.Түскі, кешкі ас беріледі. Шара толыққанды кәсіпқой фото, бейне қызметтермен қамтамасыз етіледі, қажетті құралдармен жабдықталады.

Өтетін орны: Республикалық әдістемелік семинар-тренинг 2017 жылдың 29 маусымда Өскемен қаласы, Халықтар достығы көшесі, 6 үй «Эдельвейс» конференция залында өткізіледі.

Безендірілуі. Шара өтетін орын көркемдік талаптарға сәйкес баннермен, гүлдермен безендіріледі.

Күтілетін нәтиже. Бұл шара Қазақстанның барша азаматтарының қазақ және ана тілдерін меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды бағамдайды. Аталған шара ең алдымен, тілдерді меңгеру мен оқытудың әдістемесін біріздендіруді көздейді. Бұдан басқа қазақ және ана тілдерінде оқытатын жексенбілік мектебінің желісін кеңейту және оқытушылардың еңбегін ынталандыру, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданысқа енгізу.

Тегтер: Жексенбілік мектеп, қазақ тілі, әдіс, тәжірибе, инновация, республикалық семинар-тренинг
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

982 0

ақпарат

«Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» семинары

908 0

ақпарат

«Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» республикалық семинары

1234 0

ақпарат

«ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ӘЛІПБИ: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты түркі жазбалары күндеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция