Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттауды іске асыру жолдары» республикалық семинары

21.9.2017 685

Тұжырымдаманың өзектілігі. Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында он-лайн режимінде қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыра отырып, Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар үлесі 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 90% болу

керектігі айтылған.

Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды көздейді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін анықтайды.

Мамандарды сапасы жоғары деңгейде оқытуды жүргізудің ұйымдастырушылық және әдістемелік мүмкіндігі бар ғылым-білім беру орталықтары санының аздығына байланысты қашықтықтан оқыту жүйесін кеңінен енгізу көзделеді.

Көп деңгейлі стандартта тілді А1-А2 деңгейлерінде қарапайым пайдалану, тілді В1-В2 деңгейлерінде өз бетінше пайдалану және тілді С1-С2 деңгейлерінде құзыретті пайдалану көзделуге тиіс.

Мақсаты.

Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын онлайн режимі арқылы жүзеге асыру.

Міндеттері.

- мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу;

- мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша қолжетімді электронды алаң құру, оны қолданысқа енгізу;

- мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, анағұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеумен және жасаумен кәсіби түрде айналысатын мамандарды ынталандыру.

Жалпы сипаттамасы.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын оқыту бағдарламаларын жетілдіру, оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында онлайн семинар өткізіп келеді. Биылғы республикалық онлайн семинар мемлекеттік тапсырманы орындаудың 2017 жылғы 14 ақпанындағы № 9 шартына сәйкес арнайы онлайн құрылғымен қамтамасыз етілген Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының Мемлекеттік тілді оқыту орталығы базасында «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттауды іске асыру жолдары» атты тақырыпта өткізіледі.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының қызметкерлері, өңірлердегі мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының мамандары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, аймақ ғалымдары мен тіл мамандары әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қатысады.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша қазақ тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 2017 жылға қарай 80%-ға және 2020 жылға қарай 95%-ға арттыру ҚАЗТЕСТ тапсырудың нәтижесі арқылы анықталатыны белгіленді. Қойылған республикалық деңгейдегі маңызды міндетті іске асыру үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізу, тест тапсырмаларының сапасы талапқа сай болуы керек. Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырып, жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойды. Аталған шара тараптардың өзара серіктестік аясында айқындалған мақсатты көздейді.

2009 жылы қазақ тілін меңгерудің деңгейлік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Алдыңғы кезекте стандарттар еліміздегі өзге тілді ересек азаматтарға қазақ тілін оқыту мазмұнын жүйелеуге ықпал етті.

2015 жылы мемлекеттік стандарттар ұлттық стандарттар статусын алып, жаңа, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген редакциясында қайта қолданысқа бекітілді. Ұлттық стандарттар ерекшелігі алдыңғы басылым бойынша 5 жыл ішіндегі қолданыс практикасына сәйкес толықтырулар енгізілуінде. Ең қомақты үлестегі ерекшелігі, ол – мемлекеттік тілді қажетті көлемде меңгеруі абзал кәсіптердің, лауазымдар мен мамандықтардың тізбесінің қосылуы. Бұл тізбе өз кезегінде қазақ тілін оқытуды жүйелейді, лауазымына сәйкес мемлекеттік тілді меңгеруді нақтылайды, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етеді.

Шара барысында мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асырудағы өзекті мәселелер туралы Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, модератор Е.Тілешов ой бөліседі.

Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау: жай-күйі, даму бағыттары туралы ҚАЗТЕСТ жетекшісі А. Әбдіхалықов баяндайды.

Мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының үздік оқытушылары Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесіне сәйкес А2 , В1, В2 деңгейлеріне арналған шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Қазақ тілі оқытушылар мен әдсікерлерінің біліктілік дәрежелерін анықтаудың отандық емтихан түрі, енгізу жолдары, лексикалық-тақырыптық минимумның А1, А2 деңгейлеріне арналған нұсқаларының жаңа басылымы: өзгерістер мен толықтырулар және «Қазақ тілі» оқулықтарының В1, В2 деңгейлеріне арналған нұсқаларының жаңа басылымы туралы ҚАЗТЕСТ сарапшылары жеткізеді.

Жалпы шараның өткізілуі бойынша материалдар шара өтетін мерзімнен 10 күн бұрын, www.twitter.com әлеуметтік желілерінде, til.gov.kz, www.tilalemi.кz, www.tilortalyq.kz интернет-ресурстарында, радиода, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталатын болады. Ақпараттық мәтіндер жобасы әзірленеді және келісіледі. Баспасөз парағы дайындалады. Шараның ашылуында сөйлейтін қонақтар мен қатысушыларының кіріспе, құттықтау сөздерінің жобасы әзірленеді. Қатысушыларға папка, блокнот, қалам, бағдарлама, бейджик таратылады. Қатысушылардың аты-жөні жазылған кувертка қойылады. Өтетін орын гүлдермен безендіріледі, баннер қойылады. Түскі ас беріледі. Шара толыққанды кәсіпқой фото, бейне қызметтермен қамтамасыз етіледі, қажетті құралдармен жабдықталады.

Өтетін орны: Республикалық семинар 2017 жылдың 9 мамырында арнайы онлайн құрылғымен қамтамасыз етілген Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының Мемлекеттік тілді оқыту орталығы базасында өткізіледі.

Безендірілуі. Шара өтетін орын көркемдік талаптарға сәйкес безендіріледі.

Күтілетін нәтиже. Бұл шара Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды бағамдайды. Аталған шара ең алдымен, мемлекеттік тілді меңгеру мен оқытудың бірыңғай стандарттарына сәйкес оқыту әдістемесін біріздендіруді көздейді. Бұдан басқа қазақ тілінде оқытатын білім беру мекемелерінің желісін кеңейту және қазақ тілі оқытушыларының еңбегін ынталандыру, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданысқа енгізу.

Тегтер: Мемлекеттік тіл, оқыту, әдіснама, жетілдіру, стандарттау, республикалық семинар
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

731 0

ақпарат

«Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» семинары

712 0

ақпарат

«Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» республикалық семинары

851 0

ақпарат

«ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ӘЛІПБИ: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты түркі жазбалары күндеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция