Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Халықаралық "Жайдарман" ойынының жеңімпазы – Қырғызстан құрамасы

26.8.2017 394
​Қазақстанда алғаш рет  Тіл фестивалі аясында ұйымдастырылған халықаралық Жайдарман  ойыны өз мәресіне жетіп, Қырғызстан құрамасы жеңімпаз атанды.

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы және Қазақстан КВН Одағы ұйымдастырған болатын.

Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан елдерінен және Қазақстандық бірнеше топтар өнер көрсеткен сайыс жоғары деңгейде өтті. Бұрын Жайдарманның ішкі біріншілігіне қатысып, тәжірибе жинаған қырғызстандықтар ойынға тыңғылықты дайындықпен келіп, бас жүлдемен қоса 500 000 теңге ақшалай сыйлықты иемденді. І орын мен 350 000 теңгені қазылар алқасы бірауыздан «Татарстан құрамасына» берсе, ІІ орын алған Башқұртстаннан келген командаға 300 000 теңге ақшалай сыйлық бұйырды. Ал ІІІ орын мен 150 000 теңге екі командаға - Торғай өңірінің намысын қорғап келген «Ару.кз» тобы мен «ОҚО құрамасына» берілді.

Сондай-ақ Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі академия атынан жаркенттік ұйғыр жастарынан құралған «Lagman.com» тобы мен түркістандық өзбектер құрамасы «Яссы» тобына 250 000 теңге арнайы ақшалай сыйлық ұсынды.

Сатирик Көпен Әмірбек бастаған қазылар алқасы құрамында халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігi қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi Берік Уәли, «Республикалық радиолар» ЖШС директоры Мәди Манатбек, актер Нүркен Өтеуілов ойынға төрелік етті.

Ойын соңында жалынды жолдарымен сөз алған Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, патриоттық сезімін оятып, рухты сөздерімен қасиетті тіліміздің мәртебесін көтеруге шақырды. Диплом және ақшалай сыйлықтарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Төрағасының м.а. Ғалымжан Сәрсенбайұлы жеңімпаздарға табыстап, құттықтау сөзімен ойынды қорытындылады.

Ойынды «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсету жоспарланып отыр.



Тегтер: жайдарман, тіл фестивалі, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Қазақстан
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

60 0

ақпарат

Патриоттар марапатталды

68 0

ақпарат

Қазақ тілін меңгерген ең үздік өзге ұлт өкілі анықталды

51 0

ақпарат

Павлодарда "Парасатты кәсіпкер" байқауы өтті