Тілдер айлығы жарияланды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

22 тамыз, 2017

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде және Қазақстан халқы тілдерінің XІХ республикалық фестивалі аясында Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығы Павлодар облысында «Тілдер айлығы» деп жарияланды.

Тілдер айлығы ресми түрде ағымдағы жылғы 22 тамызда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы негізінде ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау мақсатында жыр-дастандар мен Абайдың қара сөздерін нақышына келтіріп жатқа оқитын Д.С. Асеновтің «Мен Абайды оқимын!» атты ағартушылық-поэзиялық кешімен ашылды. Аталған шараға «Ардагерлер үйі» облыстық орталығының, «Замандас» ардагерлер клубының және «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері қатысты.

Жалпы айлық шеңберінде облыс қала, аудандарында 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылатын болады. Оның ішінде көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, «Тілдарын» олимпиадасы, «Мемлекеттік тілде ең үздік қызмет көрсету» және «Алаш арыстары» жас ақындар мүшәйрасы және т.б.

Тілдер айлығы 2017 жылғы 22 қыркүйекте «Тіл – достық құралы» атты концерттік бағдарламамен салтанатты түрде жабылады.


Баға беріңіз