tilmedia.kz сайты іске қосылады

Tilalem.kz

Tilalem.kz

22 тамыз, 2017

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК «tilmedia.kz» сайтын іске қосады.

Ақпараттық қоғамда интернет кеңістігін тиімді пайдаланып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданылым аясын кеңейту мақсатында іске қосылғалы отырған портал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпарат таратады. Аудио және видео блоктарға негізделіп жасалған сайтта мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдері үш тілде түсіндіріледі. Бұл сайттың басты ерекшелігі – еліміздегі видеоблок арқылы тіл үйрететін бірден-бір сайт болып табылады. Сондай-ақ портал қолданушылары «сұрақ-жауап» айдары арқылы кәсіби мамандардан кеңес алып, тікелей байланыс орната алады.

Айта кетейік, порталдың мобильді қосымшасы да бар.


Баға беріңіз