​Тіл фестивалі аясында халықаралық «Жайдарман» ойыны өтеді

Tilalem.kz

Tilalem.kz

18 тамыз, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы негізінде Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мен «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі мұрындық болған шара 25 тамызда Астана қаласындағы «Астана» концерт залында өтеді.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданылым аясын кеңейтіп, жастардың күш-жігерін, мақсат-мүддесін бір арнаға тоғыстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада 10-нан астам команда, 100-ге жуық жас өнер көрсетеді. Хылықаралық жобаға Қазақстан, Ресей (құмық, ноғай, балқар, қарашай, татар, башқұрт, хакас), Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан (өзбек, қарақалпақ), Әзірбайжан елдерінің құрамалары қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, аталмыш ойын «Қазақстан» ұлттық арнасы эфирінен көрсетіледі.

Келіңіз, көріңіз, өз командаңызға қолдау көрсетіңіз!


Баға беріңіз