​Шеберлік сабағы өтеді

Tilalem.kz

Tilalem.kz

10 тамыз, 2017

Астана қаласында 21-25 тамыз аралағында ілеспе аударма жасаудың шеберлік сабағы өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұйымдастырып отырған шарада сауатты аударма жасаудың қыр-сыры үйретіледі.

І кезеңде ілеспе аударманың теориялық мәселелері, негізгі бағыттары туралы дәріс өтіліп, теориялық білімді тәжірибеде ұтымды қолдана білуге баулиды. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану тәжірибесін қалыптастыруға негізделген сабақтар арқылы ілеспе аудармашылардың практикалық біліктілігі арттырылады.

Шеберлік сабағына ғалымдар, сала мамандары, министрліктер мен әкімдіктердің, тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің аудармашы мамандары қатысады.


Баға беріңіз