Шымкенттік IT-маман латынға көшудің оңай жолын ойлап тапты

Tilalem.kz

Tilalem.kz

21 шілде, 2017

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған «Хакатон» хакерлік марафонының жеңімпаздары анықталды деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Шымкенттік өнертапқыш Қуаныш Рысқұлов латын қаріпіне көшу кезінде кездесетін қиындықты жеңетін әдісін ұсынып, 1 млн теңгені қанжығасына байлады.

Естеріңізге сала кетейік, ІТ мамандары арасында өткен конкурс облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын. «Хакатон» марафоны Елбасы саясатын қолдау мақсатында қолға алынған жоба.

Шараға студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен түрлі деңгейлі ІТ мамандарды қатысқан. Олардың ішінен 8 ІТ маманның жобасы үздік деп танылған.

Қуаныш Тұрсынқұлұлының ақпараттық технологиялар саласында 8 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол бұған дейін бірнеше компьютерлік бағдарламалар әзірлеп, Алматы, Астана қалаларындағы өткен республикалық додаларда топ жарған. Байқау қазылары Қуаныштың жобасын дер кезінде әзірлеген қажетті бағдарлама деп таныпты.

Алдағы уақытта криллицианы латын әрпіне лезде ауыстыратын бағдарламаға қаржы бөліп, кең көлемде қолданысқа енгізу жоспарланып жатыр. Ұйымдастырушылар мұндай жобаның алдағы уақытта жалғасын табатынын айтады.


Баға беріңіз