​Жаңа дүниетаным және онамастика мәселесі

Хакім Абайдың жетінші қара сөзіндегі «Дүниенің көрінген әм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны бо...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

17 шілде, 2017

Бұл мәселені яғни дүниенің көрінбеген және көрінген сырын Еуропалықтар 16 ғасырда-ақ танып-білсе де, оларды үйлестіре қараудың жолына түсе алмаған. Мысалы сол заманның көрнекті ғалымы испандық Рено Декарт «Арнайы құрылғылар мен өлшеуге болатын нәрселерді ғана зерттеп, ғылым деп осыны ғана айтайық. Ал сана деген көзге көрінбейді, прибормен өлшенбейді. Бар екенін білеміз. Бірақ көзге көрінбейтін нәрсені зерттеп қайтеміз» деп бірден-ақ олар дүниенің көзге көрінген жағын зерттеуге бет бұрып кетті де, дүниенің көрінбеген сырын яғни рухани әлемді зерттеуден бас тартты, олар бүкіл Еуропалықтарды материалистік атеистік жолға бағытқа сілтеп жіберді.

1917 жылы большевиктер партиясы билікке келген соң материалистік атеистік танымды жалғастырып, дамытып қоғамдық сананы қалыптастырудың теориялық, идеологиялық негізіне айналдырды. 1922 жылы «Құдайсыздар» деп аталатын газетін шығарып, қоғамды тұтастай атеистік жолға түсірді. Руханият жолын ұстаған поптар мен молдаларды қуғындап, атып шіркеу мен мешіт атаулыны қиратты. Қашан КПСС пен ССРО күйрегенше жоғарғы оқу орындарында Атеизм негіздері деген оқулықты оқып емтихан тапсырып жатты. Бүкіл қоғамның рухани өмірінде материалистік, атеистік дүниетаным үстемдік етіп келді.

Ресей империясы жаулап алған 47 түрік халқы да осы материалистік атеистік дүниетанымның қыспағында қалды. Халық қаншалықты идеологиялық қысымда қалса да, ауылдық жерлердегі түрік халықтары ата-бабалары ұстанған исламият пен ұлттық дәстүрлерін шама келгенше ұстап қалуға тырысты. Өйткені «Уықты ұстайтын – басқұр, халықты ұстайтын – дәстүір» деген мақалдың босқа айтылмайтыны да, шындыққа сай айтылғаны да байқалады. Ертеде қытай барлаушылары түрік халқын жаулап бодан етуге болады, бірақ олар ұстанған халықтық әдет-ғұрып салт-сана дәстүрлерін бұза алмайды деген пікірлері де советтік тұрмыста, ол ұстанған идеологияға құлай берілмей ата-бабалары ұстанған жолы қаншалықты қыспаққа алынса да, шет жағасын ұстанып қалуы халық тәуелсіздігін алған заманда да өз көрінісін беруі – көп мәселенің әуже алып кетуінің өзі-ақ айғақтап тұр.

Ал онамастикалық ғылым салалары саясатпен тікелей байланысты болғандықтан, кеңестік билік кезеңінде отаршылдық, тоталитарлық елді мекен жер атауларының ұлттық дәстүр шетке ығыстырылып, орыстанған елді мекен жер атауларымен антропонимдер басымдыққа айналды.

Ойшыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай

Түріктер енші алысып көшкенінде

Қазаққа қара шаңырақ қалыпты ғой, -

деп қара шаңырақтың мән мағынасы атадан қалған ұлттық дәстүрдің сақталуын меңзеп тұр.

Билікке келген орталық өздері ұстанған онамастикалық саладағы затшылдық, атеистік танымын түрік тілді халықтарға сырттай билік күшімен ендіріп, олардың ғасырлар бойы ұстанып келген ұлттық дәстүр негізіндегі елді мекен жер атауларын сыртқа қақты. Мысалы Ресей империясы проваславия дінінің онамастикалық дәстүрін ұстануы себепті, оны түрік халықтарына тықпалады. Мысалы елді мекен жер атауларын адам атына қою дәстүрі Византия императоры Константиннің әрекетінен басталған. Ол Византия империясының астанасына өз атын беруі себепті, астана Константинопль яғни Константин қаласы деп атануы себепті, осы дәстүрді Ресей империясы қабылдап, топоним атауларын адам атына қою дәстүрі олардың ұлттық дәстүріне айналып кетті. Мысалы Мәскеу (Ахад Москаның атына 1088 жылы қойылды), Ленинград, Сталинград, Калининград!!! Бұл атаулар олар үшін қалыпты құбылыс. Ал қазақтардың ірі елді мекен жер атауларына адам атына қойылмайды, микротапонимдерге ғана қойылады. Мысалы пәленшенің құдығы, түгеншенің асуы деген сияқты аталымдар. Ресей отаршылдары бұл кезде отаршылдық тапонимдерді қазақ жеріне қалағанынша қойып жатты. Мысалы Вановка, Самсоновка, Галовочовка, Гродеков т.б.

Билік басына халықтар көсемі Сталиннің бас хатшыға сайланған соң, әсіресе 1937 жылғы қызыл қырғыннан кейін ССРО аумағында тотариларлық тапонимдер алыс жақын жер атауларында, колхоз совхоз, мектеп пен жоғарғы оқу орындарында қойылып жатты. Бұл құбылыс, әсіресе, саяси биюро мүшелерінің көпшілігі «халық жауы» деп ұсталынған тұста адам айтқысыз жылдамдықпен қойылып тираждап көбейіп жатты. Мысалы менің туған ауылым Майтөбе 1867 жылы Майлыкент болысына қарасты № 13 ауыл деп аталды. Кеңестік билік кезінде ол ауыл Қарасу ауылшаруашылық артелі, Көктерек колхозы, Калинин колхозы, Жданов колхозы, Қызыл жұлдыз колхозы ақыры кеп Жуалы совхозы Мишурин атындағы совхозы деп 8 рет алмасса, тәуелсіздік заманы орнасымен 1997 жылы Майтөбе ауылы деп тарихи атымен аталып қалды. Сонда 1867 жылға Майлыкент болысындағы №13-ші ауыл 1997 жылға дейінгі аралықта яғни 130 жыл ішінде 6 ұрпақ алмасып үлгергенде, бүгінгі Майтөбе ауылындағы жастар өз ауылының не себепті 8 рет өзгеріп алмасу себептерінің тарихын біле бермейді. Әрине, мұндай жылдам алмасу Қазақстандағы макротапонимдер мен микротапонимдердің бәрінде болып өтті. Қоғамдағы бұл іспеттес саяси әлеуметтік болмыстан туындап жатқан халықтық, отаршылдық, тотолитарлық елді мекен жер атауларындағы алмасулар тарихы – біздің қасіретті тағдырымыздың онамастикалық санадағы өзгерістер мен саяси қысымдардың көрінісі десек жөн болар. Жоғарыда баяндалған онамастика саласындағы жойқын өзгерістер тарихына назар аударуға міндеттіміз:

1) Туған ел, туған жердегі елді мекен жер атаулары ғасырлар бойы қазақ халқының ұстанып келген ұлттық дәстүрлерді аяусыз жауша тиген отаршылдық, тоталитарлық тапонимдер жойып жіберіп, халықтық жадымыз мен санамызды сыртқа қағып ұмыттыруы - Ресей империясының шоқындырып орыстандыру саясатынан туындап жатқан қасіретті құбылыс болып табылады.

2) Енді материалистік, атеистік дүниетаным өзгеріп оның орнына квантты физиктері дәлелдеп ғылыми тұрғыдан орнықтырған әлемді Ұлы сана билейді деген мүлде жаңа дүниетаным орнықты. Осы себепті идеалық негізі төңкеріліп жаппай дағдарысқа ұшыраған гуманитарлық ғылым салалары тәрісзді онамастикалық ғылымның салалары да дағдарысқа ұшырады. Енді бұл ғылым саласы саясатпен тікелей байланысты болғандықтан, оны жаңа дүниетаным тұрғысынан қарап, осы таным талабына сай іс-әрекетке кірісу міндеті алға қойылып отыр:

а) Ескі таным негізінен туындаған отаршылдық тапонимдерден түгелдей арылу талабы алға қойылғандықтан, таяу жылдар ішінде елді мекен жер атауларындағы отаршылдық тапонимнің іздері тарихтан өшуі керек.

ә) Жаңа дүниетаным барлық салада орнығуы себепті кеңестік билік тұсында елді мекен жер атауларына жаппай қойылған қайраткерлер мен партия совет қызметкерлерінің аты, тіпті тираждап қойылуы себепті олардан арылып тазалану әрекеті қолға алынып нақтылы іс-қимылға кірісудің қарқыны күшеймек. Бірақ бұл процес халық санасының самарқаулануы себепті қарсылық ұзаққа созылуы мүмкін. Өйткені тотолитарлық тапонимдерден арылу іс-әрекеті ұзақ мерзімге созылмақ.

б) Бірақ бұл дүниетанымдағы басты кемшілік – дүниенің көрінген сыры мен көрінбеген сырын үйлестіре алып зерттеудің орнына, бұл аса күрделі құбылыстың бір жағына, яғни дүниенің көрінген сырын танып білуге шешуші мән берілді де, дүниенің көрінбеген сырына жатырқай қарауды испан ғалымдары бастады. Мысалы, атақты испан ғалымы Рена Декарт: «Арнайы құрылғылармен өлшеуге болатын нәрселерді ғана зерттейік, ғылым деп осыны ғана айтайық, ал сана (дүниенің көрінбеген сыры М.М.) деген көзге көрінбейді, прибормен өлшенбейді. Бар екенін білеміз. Бірақ көзге көрінбейтін нәрсені зерттеп қайтеміз», - деп, рухани әлемді (жанды) зерттеп, танып, сырын ашудан бас тартты. Бұл сыңаржақ әрекет Еуропа халықтарының дүниетанымын материалистік, атеистік таныммен қалыптасуына алып келді. Еуропа халықтары бес ғасыр бойы таза материалистік, жауынгер атеистік танымнаң шеңберінен шыға алмай, осы дүниенің тұтқынында қалды. Мұның нәтижесі бүгінде бүкіл еуропалықтар мен Ресей империясын қоса есептегенде ондағы халықтардың мінез-құлқы бұзылып, бүгінгі бейшаралық қалыпқа түсті, рухани танымдағы теріс ұғымның тар шеңберінен шыға алмай адасуда.... Алдағы күндерде кеңес билігі ендірген бөтен дүниетанымнан туындап онамастикаға енген жат дәстүр енді ұлттық дәстүрге ауысуы заңдылық. Мысалы макротапонимдерге жеке кісі аттарын қоюдан бас тарту талабын жүзеге асыруды қолға алу басты міндетімізге айналмақ.

в) Осы таным тұрғысынан келіп жеке азаматтардың аты жөні әлемде тек славян халқында дәстүр ретінде үш аталымнан келетін. Мысалы Александр Сергеевич Пушкин деп жазылуы сияқты құбылыс, Мұхтар Омарханұлы, Бауыржан Момышұлы, Рабиға Сыздыққызы, Қажымұқан келіні деп жазылатын ұлттық дәстүрді қалыптастыру жөн. Микротапонимдердегі көше, мектеп, ауыл т.б аталымдары да ұлттық дәстүр тұрғысынан қойылғаны жөн. Мысалы Абай даңғылы, Мәншік көшесі, Мәлік мектебі деген сипатта аталмағы жөн.

Бүгінде қазақ антропонидері өзінің ұлттық табиғи болмысын бұзып алғаны айтылып та, жазылып та жүр. Бұл құбылыс қазақ жерін жеті рет жаулаған басқыншылық заманындағы жеті қабатында орны анық байқалып тұрады. Ол қабаттар: 1) Қытайлық, 2)Парсылық қабат, 3) гректік қабат, 4) арабтық қабат, 5)моңғолдық қабат, 6) қалмақтық қабат, 7) орыстық қабат. Осы қабаттардың ішінде ең залалды қауіпті қабат арабтар мен орыстардың отаршылдық саясатында жатыр.

Арабтар ислам дінін тарату мақсатында басқыншылық жасағанда отаршылдық айла тәсілдердің не бір жаңа тәсілдерін қолданысқа түсірген әрекеті орта ғасыр ғалымы ад-Наршахидің «Бұхара тарихы» кітабында жан жақты жазылып әшкереленді. Солардың жұқсыз бар айла тәсілі «Жабайылардлы жабайылардың қолымен қыру» тәсілі. Бұл айла тәсілді орыс пен қытай мемлекеті қазақ пен ноғай халқының ұлан байтақ даласын жаулап алуға күші жетпей тұрған кезде, 1723 жылы ресей қытай қалмақ үшеуі тіл табысып, қазақ, ноғайды жер бетінен жойып ұлы даласын бөлісіп алуға іштей бірігіп, бір байламға келгенде, «Жабайыларды жабайылардың қолымен қырып жою» тәсілін тарихымыздан білеміз. Ресей, қытай империясы қалмақ пен қазақты бір біріне айдап салып, қырғын соғыста екі халықты бір біріне қырғызды. Осы соғыста қазақтардың үштен екісі қырылса, ал қалмақ тұтас жойылып, мемілекетінен айырылды. Осы екі қырылған халықтан босаған жерді екі империя келісе отырып бөліп алды. Әрең тірі қалған қазақ Ресей мен қытайдың бодандық хамытын киіп, 260 жылда (1731 – 1991) әрең дегенде тәуелсіздікке қолы жетті. Осы жағдайға байланысты қазақ антропонимдері айтарлықтай өзгеріске ұшырап жұтай түсті. Оларды бұрынғы дәстүрлі ұлттық антропонимдерге айналдыру үшін аудандық ЗАГС орындары мен бірлікте бір жүйеге түсіру арқылы бұрыңғы табиғи болмысымызға келтіре аламыз.


Баға беріңіз