Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Бадалық» туралы не білеміз?

13.7.2017 69
Абайдың 1886 жылы жазылған «Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық» деген өлеңі былай басталады:


Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық,

Қартаймастай көрмелік, ойланалық.

Жастықта көкірек зор, уайым жоқ,

Дейміз де ешнәрседен қорғаналық.

Бар ойы – өлең айтып, ән салалық,

Біреуді қалжың қылып қолға алалық.

Қызды ауылға қырындап үйір болса –

Көңіліне зор қуаныш, бір бадалық.

Осындағы «бадалық» парсы сөзі. Парсы тілінде «бо дэл» (1-том, 648-бет) «дэл» жүрек, көңіл, жан, діл «жаныммен» «жүрегіммен», «діліммен», «шын көңіліммен» деген ұғымды білдіреді. «Бадалық» дегендегі «ба» парсы тіліндегі «бо» көмекшісі өздігінен мағына бермей, зат есімнің алдынан бөлек жазылып («ба далық») келіп мағынаға ие болады. Біздегі «-мен» «-менен», «-пен», «-пенен», «-бен», «-бенен» деген көмектес септік жалғауының қызметін атқарады. Парсы тілінде «а» әрпі де, «о» әрпі де алеф таңбасымен берілетіндіктен «бо далық» емес «ба далық» болып жазыла да, айтыла да береді. «Бадалықтағы» «-лық» қосымшаның сөз түрлендіруші жұрнағы деп қарастырған дұрыс. Екіншіден, ұлы ақынның қара өлең ұйқасымен жазылған, он шумақтан тұратын осы өлеңі ұйқас құраған әр тармақтың соңғы буыны «–лық жұрнағымен аяқталады».

Мұндай әріптердің үсті мен астына қойылатын белгілер көп, оны «харакат» деп атаған. Парсыда екі дауыссыз дыбыс қатар келсе, оның бірі жазылып әріптің үстіңгі жағына үш тісті өте кішкене қосымша «ш» белгі қойылады, ол белгіні «ташдид» («күшею») деп атайды. Абай жазған «ба даллық» сөзіндегі қатар келген екі «л» дыбысының бірі түсіп қалып, төбесіне «ташдид» («ш») белгісі қойылып жазылған. Мәселен «муаллэм» (мұғалім) жазуда «ташдид» («ш») арқылы «муалэм» болып жазылуы сөзімізге дәлел болады. Қорыта айтқанда, қай тілде болса да, әрбір сөздің өз мағынасы бар екені белгілі. Тек соларды бір-бірімен шебер қиыстыра білген ақындарымыздың еңбегі зор.

Тегтер: Бадалық, Абай, Бір дәурен кемді күнге - бозбалалық, сөз сыры

Сондай-ақ, оқи отырыңыз