Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Алаш қозғалысының идеялары мен мұраларын насихаттау ұсынылды

3.7.2017 409
​Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Алаш партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш Орда –Тәуелсіздік символы» атты дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті. Оны педагогика институтындағы Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы мен Облыстық архив және құжаттама басқармасы және Қостанай облысының мемлекеттік архиві ұйымдастырды.

Тарихшы ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, этномәдени орталықтар өкілдерінің, оқытушылар мен студенттердің басын қосқан отырыстың мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет және ұлттық құрылыс ретінде қалыптасуының басында тұрған алаш қозғалысының атқарған роліне баға беру болатын. Алаш қозғалысын, оның идеялары мен мәдени мұраларын зерттеу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасында айтылған мәселелермен сәйкес келеді.

«Алаш қозғалысы бүгінгі Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалады. Қазақ халқының болашағын ойлаған Алаш азаматтарының білімі мен еңбектері арқасында Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы қалыптасты, ол бүгін дүниежүзі танып отырған Тәуелсіз Қазақстан Респцубликасының негізі болатын» деді «дөңгелек үстел» мәжілісінің модераторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл.

Мұнан кейін сөз алғандар Алаш қозғалысының зерттелуіне, насихатталуына жан-жақты келді. Облыстық архив және құжаттама басқармасының қызметкері Салтанат Тасжанова Алаш қозғалысына қатысты архив құжаттарымен жұмыс істеудің ерекшелігі және Қазақстан мен Ресей архивтерінен табылған жаңа құжаттар туралы әңгімелесе, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Ысмайылов қазақ халқының этникалық аумағының сақталуында «Алаш» көшбасшыларының үлесі туралы айтты. Ал Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қашықта оқыту факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Зәмзәгүл Шахаман Алаш қозғалысы лидерлерінің жаңашыл идеяларына тоқталды. Сонымен қатар «дөңгелек үстел» басқосуына қатысушылар алаштықтардың қоғамның рухани жаңғыру үдерісіндегі рөлі, оған қосқан өлшеусіз үлесі туралы әңгімеледі.

Мәжіліс соңында Алаш ардақтыларының еңбектері мен өмірін зерттеуді жалғастыру, жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін оларды барынша насихаттау, ол үшін көптеген іс-шаралардың тақырыбы ету туралы мәселелерді міндеттеген қарар қабылданды.


Тегтер: Алаш партиясы, Алаш партиясының 100 жылдығы, Алаш орда
Авторы: Нәзира Жәрімбетова «Егемен Қзақстан» ҚОСТАНАЙ

Сондай-ақ, оқи отырыңыз