​Мемлекеттің өзегі – оның бірегей мемлекеттік тілі

Қазақстан атауымен қатар айтылатын ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі екені белгілі. Бұл есімді жаһан жұрты біледі десек жаңылыспаспыз. Себебі сарабдал саяаткердің әлемдік саясатта да салма...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

03 шілде, 2017

* Ел тағдыры мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақтың ғана қолында болады! Мемлекеттің өзегі – оның бірегей мемлекеттік тілі!

* Біздің халқымыздың саны күннен күнге көбейіп келе жатыр. Тиісінше, жалпықазақстандық бірлік дегеніміз бос сөз емес. Ең алдымен, болашақ үшін қазақтың өзінің бірлігі керек. Мен мұны ылғи айтып жүрмін. Елдің тағдыры мен болашағы мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақтың қолында ғана болады. Халықты ұлы істерге ұйыстырудағы басты жауапкершілік те қазақтарға жүктеледі. Осыны әрдайым есте ұстайық, ағайын.

* Кез келген мемлекеттің өзегі – оның бірегей мемлекеттік тілі. Бүгін мен қазақ тілін меңгеріп, оқып жүргендерге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Өз балаларын Отанының мемлекеттік тілінде оқытып, қазақ тілін білуі үшін балабақшаларға беріп жатқан ата-аналарға да алғысым шексіз. Бұл біздің бірегей азаматтығымызды білдіреді. Қазақ тілінің дамуы тарихта осындай ауқымды қарқынмен жүргізілген емес.

* Қазақстанның болашағы қазақ тiлiнде, тiлсiз ұлт болмайды. Өз тiлiмiздi сақтау, өз тiлiмiздi құрметтеу - отаншылдық рухты оятуға қызмет етедi әрi ата-баба алдындағы ұлы парызымыз!

* Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.

* Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.

* Осы уақытқа дейін аю да қазақша үйреніп алар еді.

* Тіліміз бар десек, тіліміз бар болады. Бақытсызбыз десек, бақытсыз боламыз. Тілімізді батыл қолданайық. Тіліміздің майын тамызып сөйлейік. Қазір 100 мың оқушы бітіріп шықса жылына, 80 мыңы қазақша сайрап тұрады. Тілдің дамуына еш кедергі жоқ.

* Мемлекеттiк тiл мемлекеттiк органдардың жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады» және «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiктік тiлде әзiрленiп, қабылданады…»,

* Қазақ қазақпен қазақша сөйлессiн.

* …Қазақ тілінің қоғамдық функциялары тарылып барады. Бұл процесті тоқтату керек, өйткені, қажеттігі барған сайын кеміп бара жатқан тілдің болашағы балаға да түсінікті. Тілді кемістіп, ығыстыру - сол ұлтты құрметтемеудің ең ренішті формасы. …Тегінде, тоқырау кезіндегі және оның алдындағы жылдардағы ойластырылмаған саясат қана емес сонымен қатар қазақ тілінде сөйлейтін халықтың өзі де кінәлі. Сіздер мен біздер, жергілікті ұлтың өкілдері – орыс тілінде сөйлейтін халықтарды қазақ мәдениетіне және халықтың дәстүрлеріне тарта білмейміз және оған тырыса да бермейміз. Оның үстінде тілдің қоғамдық тұрғыдан қажет етілмеуі, оның тіпті қазақтардың өздері арасындағы беделінің кеміуіне әкеп соқты. Көптеген семъялар, әсіресе қалаларда, іс жүзінде орыс тілінде сөйлейтін болып алды. Ана тілін тіпті тұрмыстық қарым-қатынаста да қолданудан қалды. Сөйтіп, атасы өзінің туған немересімен ана тілінде сөйлесе алмайтын жағдай жиі кездесіп отыр.

* Барлық цивилизацияларда және әрқашан да - тіл ұлттық мәдениеттің өзегі болып табылады, ұлттардың архитектурасы, бейнелеу өнері, музыкасы, жалпы интерллектуалдық және рухани потенциалы тілге байланысты. Ұлт тілінің қолдану аясын кеңейту - ұлттық мәдеиеттің иесі және оны жалғастырушылар болып табылатын оқырмандар, көрермендер және тыңдаушылар саны да көбейту деген сөз.

* Тіл пайдаланып жүрген кезде өшпек емес, қоғамдық қатынастарда толымды түрде және белсене пайдаланылатын тілі болып тұрған кезде ұлт өмір сүре бермек.

* Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқысы болған – оның ғажайып тілі.

* Ана тілі – ардағымызды жойылудың аузынан аман алып қалған сол өршіл рух емес пе?

* Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге қуатты.

* Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс.

* «Өз тілімізбен өмір сүрейік!» - бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!

* Әрбір халықтың тілін сол елдің дүниетанымы, мәдениеті мен тарихы, салт-дәстүрі арқылы меңгеруге болады. Өзге тілді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымы кеңейіп, рухани байи түседі.

* …Жалтақтауды қоятын заман туды, қазақ тiлiнiң болашағы қазақтардың өздерiнiң қолдарында.

* Біз тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық.

* Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.

* Біз, қазақтар, араға ғасырлар салып өз жерімізде алғаш рет еркін тыныстап, еңсе тіктедік. Қазақ тілі өркен жайып, балаларымыз ана тілінде тәрбие алып келеді.

* Мемлекет барша қазақстандықтардың қазақ тілін біртіндеп үйренуі үшін барлық жағдайларды жасап отыр.

* Енді ҚХА ел халқының мемлекеттік тілді меңгеруінің жалпыұлттық үдерісіне басшылық жасауы керек. Ол үшін ешкімге қысым жасамай және ешкімді төмендетпей, қажетті шаралар кешенін жүйелі де табанды жүзеге асыру қажет.

Демек бұл - мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының желілерін кеңейтіп, оларды әрбір қалада және аудан орталығында, ЖОО-лар мен өзге де мекемелерде құру керек деген сөз. Оларға көмектесіп әрі ынталандырып отыру қажет. Мемлекет жеткілікті қаржы бөліп отыр, оларды тек дұрыс пайдалану керек.

* Оқытудың инновациялық формаларын батыл және кеңірек енгізу қажет.

* Субтитрлері бар мемлекеттік тілдегі телерадио хабарларының үлесін арттырудың, қазақ тілді интернет-кеңістіктерді дамытудың маңызы зор, іскерлік, көркем және басқа да әдебиеттерді қазақ тіліне көптеп аудару қажет.

* Кеңестерде қазақ тілінде сөйлей берсін, бірақ ілеспе аударма арқылы сөйлейтін болсын. Ол қиын емес қой.

* Бұл істің табыстылығы тек мемлекетке ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның белсенділігіне де байланысты.

* Өзге этностардың өкілдерін қазақ тіліне оқытуда этномәдени бірлестіктердің бастамашылық танытуларына болады.

* Мемлекеттік тіл - ол халық бірлігінің негізгі факторы. Біздің қоғам, интеллигенция мемлекеттің қазақ тілін дамытуға көңіл бөлмеуі жөніндегі ұсақ, ызалы және популистік пікірлерден жоғары тұруы тиіс. Оларды мен естіп жүрмін. Әсіресе, егер олар артында ешқандай нақтылы іс жоқ, барлық жауапкершілік тек мемлекетке ғана жүктеле салған, әншейін бос сөздер болса одан бетер орынсыз.

Сонымен бірге мемлекеттік тілді дамыту оны әлі де білмейтіндерді кемсітуге апарып соқтырмауға тиіс. Біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын бұзуға жол берілмейді, құқық қорғау органдары оларды шұғыл тыйып отыруы керек.

* Бүгінде біз қазақстандықтардың өскелең ұрпағының бойында мемлекеттік тілді білуге деген қандай қызығушылықтың оянып жатқанын көріп жүрміз. Мұны барынша ынталандыру қажет. Біздің бірлігіміздің осынау бағытына деген адалдығы үшін олардың ата-аналарына рахмет те айту керек.

* Қазақ тілін орыс тіліне қарсы қою қате.

* Орыс тілі біздің мәдениет байлығының ажырамас бөлігі, әлемдік білімдердің қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым-қатынастың тілі болған және болып қала береді.

* Айтыңыздаршы, бүгінде Қазақстанның этностары өзара қай тілде сөйлеседі? Орыс тілінде. Біз игерген кезде, болашақта ол тіл қазақ тілі болуы мүмкін. Бірақ бүгінде бұл рөлді орыс тілі атқарып отыр.

* Жұмысты тілдердің үштұғырлығы бағдарламасы бойынша белсенді жүргізу маңызды деп есептеймін.

* Жалпы, тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек. Тосқауыл қоюлармен және дөрекі мәжбүрлеумен бұл істе еш нәрсеге қол жеткізе алмайсың.

* Біз қазақ тілінде сөйлеу қалауы әрбір қазақстандыққа табиғи нәрсе болуы үшін бәрін істеуге тиіспіз. Сонымен бір мезгілде біз Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тілдерін, мәдени мұралары мен дәстүрлерін еркін дамыту үшін бұдан әрі қарай да барлық жағдайды жасайтын боламыз.

* Мемлекеттік тілмен қатар, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз. Тағы айтарым, біздің елімізде ешкім де қандай да бір этносына, тіліне қатысты өзінің конституциялық құқығы тапталмауы керек. Дәл осы принциппен біздің елімізде бірде біреу кемшілік көрсе, әсіресе жұмысқа қабылданып, ЖОО-ға түсу барысында кемсітілсе, онда барша Қазақстанның құқы тапталды деп санау керек.

* Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарай алмаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде елімізді «Қазақ мемлекеті» деп атайтын боламыз».

* Қараңыздар, еліміз тәуелсіздік алған тұста қазақтың саны 6,8 млн. адам болатын немесе халықтың 41 пайызын құрайтын. Ал қазір 11 млн-нан асты, 65 пайызға жетті. Қазақтың саны ғана осы жылдар ішінде 4 млн-нан асты. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеген болса, тіліміз әлдеқашан Ата заңымыздағы мәртебесіне лайық болар еді. Қазақ тілі туралы айтқанда істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады, әр уақытта. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім алдымен өзгені емес, өзін қамшылауы тиіс емес пе?! Тағы да қайталап айтайын - Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін! Сонда ғана өсеміз. Өзімізді түземей тұрып, өзгеге тіл үйреткеніміз қалай болады? Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың қолданыс тіліне айналады.

* Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады.

* Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

* Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз — туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі.

* Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау – қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл — әр қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мәртебесіне сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан-тәнімізбен түсіне отырып, бүгінде «Тіл туралы» Заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.

* Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда».

* Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек.

* Әлі-ақ қазақ тілі тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады, тек оны насихаттай білуіміз керек.

* Қазақстандықтардың басын біріктіруші фактор — қазақ тілі, сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін баршамыз бірігіп көтеруіміз керек.


Баға беріңіз