Тиімді тренинг

Tilalem.kz

Tilalem.kz

26 маусым, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ағымдағы жылдың 29 маусым күні «Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар-тренинг өткізеді. Семинар-тренинг Өскемен қаласындағы "Эдельвейс" қонақүйінің конференция залында өтеді.

Семинар барысында этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданысқа енгізу жайы талқыланады. Әдіскер-ғалымдар тілдерді оқытудың тиімді технологияларымен бөлісіп, жексенбілік мектеп оқытушылары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер панорамалық және шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Айта кетейік, семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, жексенбілік мектеп оқытушылары қатысады.

Байланыс телефондары: 8(7172) 749911, 408367, 87013556412


Баға беріңіз