Жексенбілік мектептерде сабақ қалай өткізілуде?

Мінекей, осы тақырыптың төңірегінде Өскемен қаласында өтетін жиында жексенбілік мектептердің жайы, тілдерді оқытудағы ерекшелігі , этнос тілдерін оқытудың үлес салмағы жөнінде сөз қозғалатын бол...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

19 маусым, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылғы 29 маусым күні «Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар-тренинг өткізеді.

Семинардың мақсаты – этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, жексенбілік мектеп оқытушылары қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар тілдерді оқытудың тиімді технологиялары, әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Жексенбілік мектеп оқытушылары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер панорамалық және шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Байланыс телефондары: 8(7172) 740509, 408367, 87013556412

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Халықтар достығы көшесі, 6 үй «Эдельвейс» конференция залы

Өтетін уақыты:

2017 жылғы 29 маусым, сағат 10.00


Баға беріңіз