Ілеспе аудармашылар дайындалды

Ілеспе аударма – кәсіби аударма жасаудың күрделі және танымал түрлерінің бірі. Осы саладағы мамандарды дайындау мақсатында Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы "Тілдерді дамыту ме...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

12 сәуір, 2017

Семинар бағдарламасы ілеспе аударманы орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне, сондай-ақағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне, орыс және қазақ тілдерінен ағылшын тіліне халықаралық конференциялардың, бизнес-форумдардың, дөңгелек үстелдердің, іскерлік келіссөздердің материалдарын пайдалана отырып, меңгеру дағдыларына бағытталды. Курс барысында теориялық дайындау және ілеспе аударманы игеру дағдылары, сонымен бірге лингафондық кабинеттерде тәжірбиелік тренингтер өткізілді.

Курсқа облыс бойынша 24 адам қатысты. Оның 12-сі орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне, сондай-ақ 12 қатысушы ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне кәсіби аударуға машықтанды. Дәрістерді филиология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ф. Зейнулина, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы Б.Р. Қожахметова, доцент А.К. Линнас және фиология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы А.А. Лакова жүргізді.

Семинар соңында қатысушыларға ілеспе курсын аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды.





Баға беріңіз