Термин жайы талқыланады

Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 мамыр, 2017

Ұлттық академиялық кітапханада 25 мамырда «Қазіргі терминжасам: бағыттары мен принциптері» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырып отырған шарада қазіргі терминжасамның өзекті мәселелері талқыланады.

Әдістемелік семинарға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, лингвист-ғалымдар, орталық атқарушы органдардың жетекші мамандары, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерлері қатысады. Олар халықаралық және отандық тәжірибелерді зерделей отырып, салалық терминдерді біріздендіру жайына тоқталады. Аталмыш саладағы шетін мәселелердің шешімін тауып, бағытын айқындайды.


Баға беріңіз