Славян жазуы мен мәдениеті күндері өтеді

Астана қаласында 23 мамыр күні «Славян жазбалары мен мәдениеті күндері» өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмас...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 мамыр, 2017

Конференцияға Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, Қазақстан Республикасындағы славян және түркі мемлекеттері елшіліктерінен келген арнайы қонақтар, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, этноағартушылық мектептер мен БАҚ өкілдері қатысады. Мәнді мәжілісте Қазақстан этномәдени кеңістігіндегі славян тілдерінің алуан қырлы қызметі мен оларды сақтап қалу мәселелері сөз болады. Орыс және өзге де славян тілдерін оқыту бағытындағы жинақталған тәжірибелер талқыланып, ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтарының өзара тығыз қарым-қатынастарының жолдары мен құндылықтары айтылады.

Конференция барысында славянтану, түркітану, тілдік қатынас, аударматану, әдебиеттану салаларындағы белгілі қазақстандық ғалымдар баяндама жасайды деп жоспарлануда.

Айта кетейік, шара М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында мерекелік концертпен жалғасады. Кіру тегін.


Баға беріңіз