Түркі жазбаларының ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері аясында «Тамыры терең әліпби: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

27 сәуір, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен өткен ауқымды басқосуға отандық және шетелдік (АҚШ, Түркия, Орта Азия елдері) түркітанушы ғалымдар, қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушы профессорлары, жас зерттеушілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Конференция барысында түбі бір түркі жұртының таңбалық жазу мәдениетінің бүгіні мен болашағы сөз болды. Түркі жазба мұраларын зерттеудегі кемшін тұстар мен табыстары таразыланды. Күллі түркі дүниесі үшін мезгіл мәселесіне айналған бірізді латын қарпіне көшу тақырыбы талқыланып, ортақ проблемаларды шешу жолдары қарастырылды. Отандық және шетелдік түркітанушы ғалымдар өзара тәжірибе алмасып, тамыры терең түркі таңбасын сақтаудың тиімді жолдарын қарастырды.

Шара түркі мәдениетінің мерекелік концертімен жалғасын тапты.


Баға беріңіз