Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Мәңгілік елдің мақсаты – өркениет өресіне жету

27.4.2017 1280

Еліміз еңсе көтеріп, тәуелсіздік алған жылдардан бері біткен істі бағалап, болашаққа бағдар жасалып келеді. Менің пайымымда рухани ізденіс – толық ұғынуды іздеу. Елбасы Қазақстанды екі дәуір түйіскен кезеңнің ауыртпалығынан жаңарудың тарихи кезеңіне ұлттық құндылықтарымыздың өміршеңдігіне мән бере отырып сананы ояту арқылы жетуді міндет етіп қойып отыр. Сананың ашықтығы – Жаһандық жариялылықты қорықпай мойындаудың кепілі. Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі мазмұны да осы. Жаңа технологиялардың әкелетін жаңалықтары ұшан-теңіз. Айналамызда болып жатқан өзгерістерден, өркениетті елдердің тәжірибесінен үлгі алып, өз мақсатымызға жарата білсек болғаны.

Өркениеттер кеңістігіне шығып, сахнасында салтанат құруымыз үшін дөңгеленген дүниенің дүбіріне құлақ түріп, заман ағымына ере білуіміз қажет. Әсіресе, бүгінгінің жаңа толқын жастары ғаламдық үдеріспен біте қайнасып, қажетін алып, сауатта меңгере білсе білім мен технология саласының қарыштап дамуына кепіл болар еді. Қазіргі ғаламдық өзгерістер жұмсақтықты, жаңсақтықты кешірмейді. Керісінше жинақылық пен тұрақтылықты жанына жақын тұтып тұратын қалыбы бар тұлға болуды талап етеді. Білім кеңістігінде сапалылық принцпін ұстану біз үшін ұтымды болар еді. Жоғарыда айтып өткенімдей әр адам өзі тұратын, өзінің көкірек көзі жететін өрелерде өзінің шынайы іс әрекеті арқылы қолтаңбасын қалдыруы керек. Өзгеден алуға ұялмай, өзгемен бөлісуден жасқанбай қажет жеріне қоя білу қағидатын ұстанғанда ғана талаптар межесін бағындырамыз. Абылай ханның :

Білекке сенген заманда,

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенген заманда,

Қапы қалып жүрмелік, - деген орамды ойлары еріксіз еске түседі. Жаһандануға бастайтын алғашқы баспалдақтардың бірінші – білім. Білімді болу - табысқа жетудің, алысты бағындырып, кеңістікке шығудың кілті деп айтып жүрміз. Сондықтан білім беру үдерісіне оңтайлы өзгерістерді ақырындап еңгізіп, жаңа технологиямен жарақтандырып жатқан жайымыз бар. Еліміздегі «Болашақ» бағдарламасы мен зияткерлік мектептерінің бағыттары жүйеленіп, оң нәтижелерін көрсетуде. Осы кезге дейінгі дүмпулер мен сілкіністерді тек жаман жағынан қарамауымыз керек. Осындай оқиғалардан кейін әр халық өзінше ой түйіп, тарихын таразылып, өткенін, бүгінін салыстырып, болашағын бағдарлап көрді. Осының арқасында біз өз пікірімізді өзгеге теліп қоюдың жат екенін түсіндік. Ал өзгелердің біздің бойымызға күштеп ешнәрсені еге алмайтыны айқындалды. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан дәуір сілкіністің емес, серпіліс дәуірімен алмасты. Әр адамның санасында серпіліс сейіл құрса, біз армандаған, біз бағдарлаған нүкте алыс болмасы анық. Білімді болудың тағы бір шарты – көптілділікпен өлшенеді. Дөңгеленген дүниенің ағысы - тіл білудің пайдасының ұшан-теңіз екенін дәлелдеп отыр. Жаһандық кеңістіктің талабы да осы.

Елбасы өз мақаласында алдағы уақытта халықтың өмір суру салтының түбегейлі өзгеретінін айтты. Жаһандық жаңғыру жолына түсу үшін ұлы державалар болып саналатын Жапония мен Қытай мемлекетінің озық тәжірбиелерінен үлгі алу жеткілікті. Сонымен бірге әлемдік деңгейдегі ең үздік деп саналатын оқулықтарды қазақ тілінде сапалы аудару ісі жоспарланып отыр. Қорыта келгенде, қоғамның қатпарлы қағидалары ғаламдық талаптармен астасып жатқанда ғана ілгерілеу болады.

«Ұлттық сана дегеніміз - сол ұлтты құрайтын халықтың әр адамның жеке тұрмыс-тіршілігінің сыртында өз ұлтының мүддесін, халқының тағдырын, ұрпағының болашағын ойлау қабілетінің ұлттық деңгейге көтеріліп, жалпы қоғамға тән ортақ сипатқа ие болған ұжымдық түрі. Сондықтан рухани жаңғыруды руханилықпен қабылдау – әр қазақстандықтың борышы екенін ұмытпайық!

Тегтер: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», ұлттық рух, қлттық сана, жаһандық жаңғыру,

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

32 0

ақпарат

Үш тілді сәби кім болып шығады?

22 0

ақпарат

Арқалық тұрғындары жалпыхалықтық диктант жазды

223 0

ақпарат

Тілдік кедергі һәм қарағайға қарап, тал өсер...