Ғылыми-практикалық конференция өтеді

Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері аясында 27 сәуір күні Алматы қаласында «Тамыры терең әліпби: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

20 сәуір, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен өтетін ауқымды басқосуға отандық және шетелдік (АҚШ, Түркия, Орта Азия елдері) түркітанушы ғалымдар, қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушы профессорлары, жас зерттеушілер мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

Конференция барысында түбі бір түркі жұртының таңбалық жазу мәдениетінің бүгіні мен болашағы сөз болады. Түркі жазба мұраларын зерттеудегі кемшін тұстар мен табыстар таразыланады. Күллі түркі дүниесі үшін мезгіл мәселесіне айналған бірізді латын қарпіне көшу тақырыбы талқыланып, ортақ проблемаларды шешу жолдары қарастырылады. Отандық және шетелдік түркітанушы ғалымдар өзара тәжірибе алмасып, тамыры терең түркі таңбасын сақтаудың тиімді жолдарын (іздестіреді?).

Шара соңы түркі мәдениетінің мерекелік концертімен жалғасады.


Баға беріңіз