Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ғылыми-практикалық конференция өтеді

20.4.2017 139
Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері аясында 27 сәуір күні Алматы қаласында «Тамыры терең әліпби: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен өтетін ауқымды басқосуға отандық және шетелдік (АҚШ, Түркия, Орта Азия елдері) түркітанушы ғалымдар, қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушы профессорлары, жас зерттеушілер мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

Конференция барысында түбі бір түркі жұртының таңбалық жазу мәдениетінің бүгіні мен болашағы сөз болады. Түркі жазба мұраларын зерттеудегі кемшін тұстар мен табыстар таразыланады. Күллі түркі дүниесі үшін мезгіл мәселесіне айналған бірізді латын қарпіне көшу тақырыбы талқыланып, ортақ проблемаларды шешу жолдары қарастырылады. Отандық және шетелдік түркітанушы ғалымдар өзара тәжірибе алмасып, тамыры терең түркі таңбасын сақтаудың тиімді жолдарын (іздестіреді?).

Шара соңы түркі мәдениетінің мерекелік концертімен жалғасады.

Тегтер: түркі жазбалары, латын алфавиті, түркітанушы ғалымдар, мәдениет күндері
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

22 0

ақпарат

Ұрпағымыздың тілі жойылып бара жатыр

50 0

ақпарат

Мемлекеттік қызметшінің патриотизмі мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктен басталады

21 0

ақпарат

​Сөз жүйесін сақтамау спорт комментаторына – сын