Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Айдос Сарым: Латын әліпбиіне көшу өзіміздің ішкі мәселеміз. Ресей халқы араласпасын!

13.4.2017 316

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіреміз деп мәлімдеді.

«Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім» дей отыра ҚР президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» мақаласын жариялаған болатын.

Аталмыш мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы айтылды. Алайда, мұндай шешім Ресей халқына ұнамай қалған секілді, жаңалықты ашумен қабылдағандар табылып жатты. Дегенмен, Қазақстанның орыс тілді 30% тұрғынына реформаның қатысы жоқ екенін айта кеткен жөн.

Еске сала кетейік, қазақ халқы XX ғасырда тілге қатысты екі түрлі реформаны бастан кешті: 1923 жылы араб әліпбиінен латынға көшті, ал, 1940 жылы кириллицаға ауысты. Бүгінгі таңда Қазақстан тұрғындарының тең жартысы орыс тілінде жазып, сөйлейді. Сонымен қоса, Ресейдегі әлеуметтік желі пайдаланушылары Назарбаев бұйрық еткен үкімді сатқындық ретінде санады. Тіпті, Қазақстанның өзінде аталмыш реформаны жаңа заманға лайық емес деп қарсылық танытып жатқандардың қарасы көбейді.

Мәселен, Твиттер қолданушысы өз парақшасында былай деген: «Сатқын қазақтар латын әліпбиіне көшпекші. Кезінде орыстар қазақтардың жанын алып қалды, жер берді. Ал, олар жақсылықты осылай қайтара ма?»

Латын әліпбиіне көшу туралы Назарбаевтың айтып келе жатқанына бірнеше жылдар болды. Ал, бұл жолы нақты латын әліпбиіне көшу жөнінде «жол картасын» дайындау жұмыстары іске асырылуы тиіс, 2017 жылы карта дайын болуы керек. Алдағы 8 жылда тілдің реформалануы үшін атқарылар іс көп. Латын әліпбиін білмейтін миллиондаған адамдарды үйрету керек, арнайы педагогтар жалдау керек, кітаптарды қайта басып шығу керек.

Азаттық Радиосы латын әліпбиіне көшу жөнінде саясаттанушы Айдос Сарымның пікірін сұрастырды. Саясаткердің пікірін «Қамшы» ақпараттық агенттігі қазақ тіліне аударып, қысқаша мазмұнын оқырмандар назарына ұсынды: Оның айтуынша, латын әліпбиіне көшу Қазақстан үшін аса пайдалы. Бұл қазақ халқы ендігі орыс әлемінің ықпалына тәуелді болмайды деген сөз.

Иә, орыстарға тәуелді болмау бар қазақтың арманы шығар, бәлкім. Саясаткер «латын әліпбиіне көшуге қадам осыдан 5 жыл бұрын да қарастырылған. Алайда, биліктегі орысқұлдардың кесірінен жүзеге асыру мүмкін болмады. Ал осы жолы ақиқатқа айналары сөзсіз» дейді.

Бұл қадам Қазақстанға өзіндік геосаяси және өркениетті таңдауларын ашық жасай алатын үлкен мүмкіндік әкелетіні сөзсіз. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшкен жағдайда оны тек мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін меңгеріп, қазақ тілін қолданатын азаматтарға ғана қатысты екенін айтып қалды. Қоғам бұл мәселеге оң көзқарас танытатынына сенімді. Алайда, қарсы тараптардың да болатыны анық.

Мәселен, үлкен буын бұл жаңалыққа қауіппен қарауы мүмкін дейді саясаткер. Себебі, тілге қатысты таңдау – халықтың тағдырын шешетін таңдау. Ал латын әліпбиін танып қалған жас буын өкілі аталмыш реформаға оң көзқарас танытады.

Ал, тілдік реформадан кейін Қазақстан Украинаның кейпін киіп жүрмей ме деген сұраққа былай деп жауап қатты: «Жоқ, мен Украинамен салыстыра алмас едім. Қазақстанның жағдайы мүлдем бөлек. Бізде тұрғындардың 22%-ы орыстардан тұрады. Латын әліпбиін қолдану негізінен қазақтарға ғана қатысты. Қазақ тілін жетік меңгерген адам үшін бұл қиындық туғызбайды. Ал, орыстарға келетін болсақ, латын әліпбиінің оларға қатысы жоқ. Көтеріліп қайтпек? Бәрібір қазақ газеттерін, сайттарын оқымайды ғой».

Бұл ең алдымен өзіміздің ішкі мәселеміз. Ал Ресей халқының пікірі қаралмайды. Өздерінің орыс арналарын қалай көрсе, сол қалпында жалғастыра берсін, кириллицамен жазылған газеттерін, сайттарын қалай оқып жүрсе, солай оқи берсін. Ал, ішкі саяси мәселемізге

Тегтер: латын әліпбиіне көшу, Айдос айтады, Айдос Сарым

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

100 0

ақпарат

Латынға кезінде қарсы едім, енді ойым өзгерді

103 0

ақпарат

​Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі

113 0

ақпарат

Қолдан келетін істерді қолға алсақ…