Тілмаш арқылы сөйлестік

Мемлекеттік тілді құрметтеу – Қазақстан азаматтарының парызы. Ал қазақ тілін меңгеру – осындай құрметтің ең биік дәрежесі десек артық айтқандық емес. Бұл, әсіресе, өзге ұлт өкілдері тарапынан орын ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

07 сәуір, 2017

Ауданымыздың Тұтынушылар­дың құқықтарын қорғау басқарма­сының санитарлық қадағалау бө­лі­мінің бастығы Михаил ­Болотин­ге жұмыс бабымен жолықпақ болып, қабылдауына кіргенбіз. «Ассалаумағалейкүм» деген ізетті сәлемімізге «Здравствуй» деп ­жауап қатып, самарқау амандасқан басшы мекеме қызметкері Зоя Диханбаеваға: «Бұл кісілер орысша онша түсінбейтін секілді. Сіз қазақша түсіндіріңіз» деп үн қатты. Яғни Зоя Диханбаеваны тілмаштыққа шақырды.

Қазақстан Республикасының азаматы, оның ішінде мемлекет­тік ұйым басшысының «ассалау­ма­ғалей­күмді» білмейтіні таңғал­дырды. Болотин мырзаның қазақ ұлтының азаматымен қазақша сөйлесуге құлқы жоқ екенін сезіп пұшайман күйге түстік. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында: «Қазақстан Республи­касындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай жазулы тұр емес пе. Сонда деймін-ау, мемлекеттік тілімізді осындай лауазымды шенеуніктер шетқақпай қылып тілмаш арқылы сөйлесуіне не жорық?

Елбасы 2025 жылға дейін мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтар үлесі 95 пайызға жетуі тиіс» деген мақсат қойғаны белгілі. Ал Болотин мырза осындай баптар мен міндеттердің бар екенін біле ме екен? Әй, қайдам?.. Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғындар санының дені қазақ ұлтынан құралатыны шындық болса да, зейнеткерлік жасқа ­жа­қындаған мырзаның қазақ тіліне самарқаулығына, тілмаш арқылы сөйлескеніне қарап жиырма бес жылда мойындамаған тілді енді таяу жылда үйренеді деген сенімнен гөрі күдігіміз басым.


Баға беріңіз