Құрметті оқырман!

Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 наурыз, 2017

Төл тіліміздің мәртебесін көтеріп, аудиториясын кеңейту мақсатында тың идеяларыңыз бен креативті ойларыңыз болса, бізбен бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз. Ол үшін төмендегі талаптармен танысып шығыңыз.

І. Іргелі және қолданбалы ғылыми еңбектерді зерделеу, жинау және шығару:

* қазақ, ағылшын және этнос тілдерін қарқынды оқыту;

* инновациялық-әдістемелік бейнесабақтар;

* интерактивті оқыту бойынша мультимедиалық бағдарламалар, аудиокітаптар;

* мемлекеттік тілді оқыту, мемлекеттік тіл саясатына қатысты әдебиеттер;

* терминология, ономастика салалары бойынша әдебиеттер;

* балаларға арналған танымдық, анықтамалық әдебиеттер;

* әлемдік әдебиет аудармасы;

* энциклопедиялық әдебиеттер;

*анықтамалық сөздіктер;

*танымдық әдебиеттер.

Еңбектерді ұсыну тәртібі:

1. Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Төрағасының орынбасары Ғ.Мелдешовтің атына өтініш;

2. Ұсынылатын еңбектің word форматындағы электронды нұсқасы мен аннотациясы;

3. Ұсынатын мекеменің ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімі (хаттаманың көшірмесі).

ІІ. Тілдік-мәдени танымдық тележоба:

* Хронометраж – 35 минут;

* Бағдарлама саны – 16;

* Тілі – қазақша

ІІІ. Балаларға арналған анимациялық фильм (мемлекеттік тілді үйретуге арналған):

* Хронометраж – 8 минут;

* Серия – 15;

* Аудитория – 6+

* Тілі – қазақша

* Форматы –2, 3 D

IV. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құжат айналымының автоматтандырылған электронды базасы:

* Ресми және әртүрлі қызмет көрсету салаларындағы құжаттарды орналастыру;

* Ресми ісжүргізудің ережелері, ісқағаздарының әртүрлі үлгілері және осы саланың сөздіктерін ұсыну.

V. Үш тілді сайт құру.

VI. Тілдерді дамыту және қолдану, мемлекеттік тіл саясатының басымдықтарын ілгерілету және насихаттау, соның ішінде БАҚ және интернет-ресурстарда қамтамасыз ету:

* Мемлекеттік тіл саясатының басымдықтарын БАҚ-та ілгерілету және насихаттау;

* Мемлекеттік тіл саясатының басымдықтарын интернет-ресурстарда ілгерілету және насихаттау.

Материалдарды қабылдау екі кезеңнен тұрады. І кезеңде (2017 жылдың 1-31 наурыз аралығы): БАҚ және үштілді сайт құру бойынша, ІІ кезеңде (2017 жылдың 1-25 сәуір аралығы): жоғарыда көрсетілген басқа да жобалар бойынша Тұжырымдама және бағалық ұсыныстар қабылданады.

Материалдарды мына мекенжайға: Астана қаласы, Сауран көшесі, 7 А немесе tilortalyk@mail.ru электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

Ескерту!

Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған еңбектер сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және аудиторияға ұсыну Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының құзіретінде.

Мүмкіндігіңізді мүлт жібермеңіз! Болашағымызды бірге жасайық. Тіл тағдыры сіз бен біздің қолымызда.

Сұрақтар бойынша 8(7172) 408367 нөміріне хабарласыңыз.


Баға беріңіз