Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Құрметті оқырман!

1.3.2017 336

Төл тіліміздің мәртебесін көтеріп, аудиториясын кеңейту мақсатында тың идеяларыңыз бен креативті ойларыңыз болса, бізбен бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз. Ол үшін төмендегі талаптармен танысып шығыңыз.

І. Іргелі және қолданбалы ғылыми еңбектерді зерделеу, жинау және шығару:

* қазақ, ағылшын және этнос тілдерін қарқынды оқыту;

* инновациялық-әдістемелік бейнесабақтар;

* интерактивті оқыту бойынша мультимедиалық бағдарламалар, аудиокітаптар;

* мемлекеттік тілді оқыту, мемлекеттік тіл саясатына қатысты әдебиеттер;

* терминология, ономастика салалары бойынша әдебиеттер;

* балаларға арналған танымдық, анықтамалық әдебиеттер;

* әлемдік әдебиет аудармасы;

* энциклопедиялық әдебиеттер.

Материалдар ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін (tilortalyk@mail.ru электронды поштасына) қабылданады.

Еңбектерді ұсыну тәртібі:

1. Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Төрағасының орынбасары Ғ.Мелдешовтің атына өтініш;

2. Ұсынылатын еңбектің word форматындағы электронды нұсқасы мен аннотациясы;

3. Ұсынатын мекеменің ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімі (хаттаманыі көшірмесі).

ІІ. Тілдік-мәдени танымдық тележоба:

* Хронометраж – 35 минут;

* Бағдарлама саны – 16;

* Тілі – қазақша

ІІІ. Балаларға арналған анимациялық фильм (мемлекеттік тілді үйретуге арналған):

* Хронометраж – 8 минут;

* Серия – 15;

* Аудитория – 6+

* Тілі – қазақша

* Форматы –2, 3 D

Тұжырымдама, пилоттық жоба, синопсис және бағалық ұсыныс ағымдағы жылдаң 15 сәуіріне дейін (tilortalyk@mail.ru электронды поштасына) қабылданады.

IV. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құжат айналымының автоматтандырылған электронды базасы:

* Ресми және әртүрлі қызмет көрсету салаларындағы құжаттарды орналастыру;

* Ресми ісжүргізудің ережелері, ісқағаздарының әртүрлі үлгілері және осы саланың сөздіктерін ұсыну.

Ескерту!

Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған еңбектер сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және аудиторияға ұсыну Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының құзіретінде.

Мүмкіндігіңізді мүлт жібермеңіз! Болашағымызды бірге жасайық. Тіл тағдыры сіз бен біздің қолымызда.

Сұрақтар бойынша 8(7172) 408367 нөміріне хабарласыңыз.

Тегтер: тіл, дамыту, білім, иновация, өркендеу
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

254 0

ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МҰҢЫ (Мыңбайұлы Жалау жолдасқа)

203 0

ақпарат

Алаш арыстарына – тағзым

210 0

ақпарат

100-ге жуық термин бекітілді