Шалажансар аударма шектен шығып барады

Еліміздің теміржол саласында, оның ішінде пойыз қозғалысы мен қауіпсіздігін сақтау талаптарына арналған құжаттамалар бар. Бұл құжаттамалар негізінен Кеңес Одағы кезінде әзірленгенімен республикамыз...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

20 ақпан, 2017

Осынау күрделі де қиын әрі ­жауапты аударма жұмысына бұрынғы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан теміржолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы магистральдық желі дирекциясының жол және құрылыстар департаментінің қызметкерлері мен аудармашылары көп еңбек сіңіргенін айта кеткеніміз жөн.

Дегенмен, орыс тілінен қазақ тіліне аударылған іс-қағаздардың, нұсқау­лықтардың, т.б. құжаттамалардың мәтіндеріне қатысты ортаға салар бір­қатар мәселелер бар. Бұл орайда «Қазақ­стан темір жолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті Е.Қизатовтың 2013 жылғы қаңтар айының 30-ындағы №82-Ц бұйры­ғымен бекітілген орыс тіліндегі «Инструкция по применению старогодных материалов верхнего строения пути» құжаттамасының қазақ тіліне аударылған нұсқаулығының сапасы жайында сөз қозғасақ.
Теміржол саласының жол шаруа­шылығы мекемелерінде 40 жылдан аса қызмет істеп, аударма жұмысынан хабардар қарапайым тіл жанашыры ретінде осы нұсқаулықтың қазақ және орыс тіліндегі мәтінін салыстырып шықтым. Сонда байқағаным, қазақ тіліндегі нұсқаулықта көптеген кемшіліктер мен қателіктер жіберілген.
Менің ойымша, оның негізгі се­беп­тері мыналар:
1. Теміржол саласында пойыз қозға­лысына қатысты және оны реттейтін құжаттамалар әуелі орыс тілінде дайындалып, одан кейін қазақ тіліне аударылады;
2. Мәтіндерді аудару кезінде қа­зақ тілінің бай сөздік қоры, лин­гвис­тикалық және емле заңдылықтары ескерілмейді;
3. Қазақша мәтіндерді орыс тілінен сөзбе-сөз (подстрочный перевод) тәржімалау жағдайлары көп кездеседі;
4. Орыс тіліндегі терминдерді аудару кезінде қазақша мәтіннің мағынасына сәйкес келмейтін антоним сөздері қолданылады;
5. Нормативтерге қатысты (жүк көлеміне, рельстің ұзындығына, жал­пақтығына, қалыңдығына, еніне, биік­тігіне және ақауларының тереңдігіне, рельстердің жарамдылық көрсет­кіштеріне және т.б.) қолданылатын сөз тіркестері мен нормативтердің ара­сын­дағы жалғаулықтар дұрыс қойыла бермейді;
6. Аудармашылардың жіберген қателіктері мен баспадағы бақылаудың жоқтығынан кейбір сөз тіркестеріне қосылып кеткен мағынасыз жалғаулар мен шылаулар, грамматикалық қателер және дұрыс қойылмаған тыныс белгілері түзетілмеген;
7. Әлі де болса қазақ тіліндегі аудар­маларға деген қажеттілік аз.
Мұндай кемшіліктер мен қате­лік­тер­дің салдарынан қазақша нұсқаулықтың сапасы көңіл көншітпейді. Демек, қазақ тіліндегі бұл нұсқау­лықтың мәтінін қайта қарап, тиісті өзгерістер жасау қажет. Дәл осындай түзетулер тіреніштер (шпалдар), бұрылмалы білеулер, бағыт­тама бұрмалар және бекіттемелерге (бекіткіштерге) қатысты аудармаларға да жасалуы тиіс. Яғни қазақ тіліндегі бұл нұсқаулық қолданысқа толық дайын емес. Өйткені әрбір түсініксіз, қате аударылған нұсқаулық талабы орындалған жағдайда жол материалдарын қайтадан жолға салу тәртібіне, тіпті жүріс қауіпсіздігіне залалы тию мүмкін екенін жасыруға болмайды, мұны кәнігі теміржолшылар жақсы біледі. Теміржол саласында «бұйрық және талап түсінікті әрі дәлме-дәл түрде берілуі керек» деп жазылған ережелер бар.
Менің ойымша аударма жұмысына алдағы уақытта ерекше мән беріліп, оны атқаруға еліміздегі тәжірибелі темір­жолшыларды, білікті тіл мамандарын, кәсіби аудармашыларды тартуымыз керек.
Мен айтылған сөзім дәлелді болу үшін жоғарыда тілге тиек етілген нұсқаулықтың аудармасымағынан үзіндіні оқырман назарына ұсынып отырмын. Өздеріңіз де байқарсыздар, осыдан не түсінуге болады? Мәтін өзгеріссіз беріліп отыр.

Ескіжарамды рельстерді пайдалану

…8. Атқарылған жұмыс көлемінің тоннажы бойынша теміржолдарды пайдалану үдерісі кезінде әртүрлі ақаулар, пішіннің өзгеруі, рельстардың дефектілері (сызаттар, қыртыстанулар, үгілулер, майысулар, сырылулар, бүжырлар, металлдың тоттануы, майысу түрінде рельстерге механикалық ақаулар тұрып қалулар, табанының, бастиектің ісінулері, рельс металлында ішкі тозығы жеткен ақаулар және т.б.) жинақталады. Осы ақаулардың түрлері, олардың пайда болуы мен даму себептері, анықтау әдістері мен рельстерді пайдалану бойынша ережелер «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» Жабық акционерлік қоғамының Вице-президентімен 2003 жылдың 30 қаңтарындағы бекітілген нормативті-техникалық құжаттарда келтірілген:
Рельс ақауларының топтастырылуы (бұдан әрі ЦП-НТД/45-03), Рельс ақауларының каталогы (бұдан әрі ЦП-НТД/46-03), Рельстердің ақаулы және күрделі себептері (бұдан әрі ЦП-НТД/47-03).
9. Жолдардан барлық жол жөндеу жұмыстарының түрлерінде алынып тасталынатын және темержол рельстерінің ағымдағы ұсталуы жеткілікті қорларға ие және жөндеусіз немесе жөндеумен темір жол желілерінің жолдарында қайта пайдалану үшін пайдаланылуы мүмкін, соның ішінде РСП бастиегін бейінді өңдеумен немесе рельстіажыратқыш жолдарды және рельстіфрезерлеу поездарымен тікелей пайдаланылады.
(«Жоғарғы жолдарды құруда ескіжармды материалдарды қолдану бойынша нұсқаулығынан»)

Жолдан шығарылатын рельстерді қарау және таңбалау

…14. Рельстерді таңбалау ашық өшпейтін бояумен рельс мойнына, километр жүрісі бойынша сол жақ түйесуінен 1,5м шамасындағы ара қашықтықта жұмыс қыры жағынан ізінің ішімен немесе өрілудің кесілу орнында, және рельстік өрілудің соңынан 12,5м шамасында (қызметкердің рельсті таңбалау немесе өрілу ізіне бетпе бет болған кезде) жүргізіледі. Таңбалауды рельстің мойнына келесі көрсетілімдер жазылады: рельстердің жарамдылық тобы (3 қосымшаның 2 кестесінің мәліметтері бойынша), орнықтыру түрі мен олардың болуы, жіберілген таннажы (10 млн. Т бруттоға дейін дөңгеленту), жлына 5 млн. Ткн брутто дейін дөңгелентілген жүкжетілім учаскесі және рельстен шығарылған ПЧ нөмірі.
Термоорнықтыру рельстердің барлық кесілулері бойынша У әріпімен таңбаланады, үстінен орнықтырылған ПУ әріпімен, термоорнықтырылмағандар Н әріпімен таңбаланады. Қысқы кезде кейін ашық өшпейтін бояумен жаңартылумен, уақытша бормен таңбалауға рұқсат етіледі.
(«Жоғарғы жолдарды құруда ескіжармды материалдарды қолдану бойынша нұсқаулығынан»)

"Ана тілі" газетінен алынды.


Баға беріңіз