40 мыңнан аса спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіледі

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Министрлік басшылығы, комитеттер өкілдері, департамент директорлары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өт...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 ақпан, 2017

Отырысты ашу сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы шараға қатысушыларды 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жемісті өтуімен шын жүректен құттықтады.

«Универсиаданың сәтті өтуі – Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары беделі мен Елбасы, Үкіметтің қазақстандықтардың арасында салауатты өмір салты мәдениеті қалыптасуының, елдегі бұқаралық спорттың дамуына деген ұдайы қолдау көрсетуінің нәтижесі болып табылады», - деді министр.

Ол қазіргі таңда республика бойынша 11 мың спорт нысандары бар екендігін атап өтті. Соңғы екі жыл ішінде қосымша қаржыландыру мен мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері іске қосылды. 450 балалар мен жастарға арналған спорт мектептері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 12 спорт клубы, 569 балалар-жасөспірімдер клубы жұмыс істеуде. Салауатты өмір салтын насихаттау аясында елімізде жыл сайын 5 миллион адамды қамтумен 40 мыңнан аса спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

Спорттың кейбір түрлерін қаржыландыру мәселесіндегі теңгерімсіздіктің алдын-алу мақсатында министрлік «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң жобасына тиісті өзгертулер енгізді. Онда спорт түрлері бойынша қаражатты саралау қарастырылған. Аталған құжат Парламент Мәжілісінің қарауында. Алғашқы рет бұқаралық спортты қолдауға тиімді бизнес жобалар заңнамалық негізде тартылып отыр.

«Былтыр қабылданған «Лотерея және лотерея қызметі туралы» Заң лотерея операторларының әр тоқсан сайын лотерея билеттерін сатудан тапқан табыстары мен сыйлық қорының арасындағы айырмашылықтың кем дегенде 10% қаражатын аударып отыруын көздейді», - деп хабарлады министр.

Үкімет қолдауының арқасында «Кинематография туралы» және кино саласын дамыту тұжырымдамасы бойынша жұмыс жалғасын тауып келеді. Құжаттар кино саласындағы жетекші сарапшылардың, соның ішінде шетел мамандарының қатысуымен жасалып жатыр.

Сонымен қатарведомство басшысы Елбасы өз Жолдауында көрсеткен басым бағыттардың бірі адам капиталының сапасын жақсарту, соның ішінде кәсіби білім беру жүйесіне серпін беруді баса айтқандығын тілге тиек етті.

«Бұл бағытта біздер сәтті қадам жасадық деп айтуға болады. Мәдениет саясаты тұжырымдамасына сәйкес еліміздің барлық өнер оқу орындары 2014 жылдан бастап министрлік құзырына енгізілді. Олардың барлығы көп деңгейлі дуальды білім беру және дарындарды мектептен үлкен сахнаға дейінгі жолда үздіксіз қолдау, содан кейін барша шығармашылық жолында қолдау көрсету қағидасы бойынша қызмет етіп келеді», - деді ведомство жетекшісі.

Өз баяндамасында ҚР Мәдениет және спорт министрі сондай-ақ, халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту, Қазақстанның музей және музей-қорықтары қызметі саласын кеңейту, мемлекет тарихы мен мәдениеті туралы ауқымды кино және тележобаларды жасау жөнінде «Мәңгілік Ел» кешенді жоспарын іске асыру, 2020 жылға дейін туристік сала Тұжырымдамасының жаңа жобасын әзірлеу, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау мәселелеріне тоқталып өтті.

Баға беріңіз