Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жамыраған жат атаулардан қашан арыламыз?

7.2.2017 492
Еліміз нарықтық экономика кеңістігіне енуімен қатар ономастиканың бұрын еленбей келген көптеген сала-тармақтары жандана бастады. Олардың арасында ұлтымызға жат космополиттік атаулар жаһандану үдерісінің бір көрінісі ретінде пайда бола бастады.  Бұл үрдіс төл атауларымызға теріс ықпалын тигізетіні сөзсіз. Космополитизм (гр. kosmopolіtes) – әр ұлттың төл мәдениетін дамытудан гөрі жаһандану үдерісі арқылы бүкіләлемдік бірегей мәдениет қалыптастыруды артық көретін шектеулі дүниетанымдық бағыт.

Космополиттік сипатқа, әсіресе, коммерциялық аталым нәтижесінде пайда болған эргонимдер мен прагматонимдер жатады. Олардың көбісі қоғамдағы вестерндеу үдерісін күшейте түседі. Вестерндеу дегеніміз «батыстану» дегенді білдіреді.

Осы ретте ғылыми айналымдағы эргоним, прагматоним терминдеріне тоқталсақ. Эргоним жалпы мәнде адамдардың іскери бірлестік­тері­нің жалқы атауы, компания, фирма, ЖШС, акционерлік бірлестіктер, cауда орта­лықтары, ойын-сауық кешендері, сұлулық салондары, бутиктер, жалпы коммерциялық ны­сана атауларын белгілейтін термин ретінде белгілі. Мысалы, Samsung, Toyota, Nestle. Coca-Cola, KFС және т.б. Осыған жақын прагматоним термині тауарлық таңба, бренд (корпоративтік бренд, жеке бренд, мультибренд) атаулары, сондай-ақ, қандай да бір заттың маркасын, сұрпын білдіретін атау. Эргоним мен прагматоним кейбір жағдайларда араласып, коммерциялық атау ретінде қатар қолданыла береді. Эргонимдік атаулардың елімізде кеңінен қанат жайып бара жатқаны ойландырмай қоймайды. Бұдан сақтанудың жолы қандай? Осы бағытпен кете берсек, ендігі бір он-жиырма жылда мұндай атаулар ономастикалық кеңістігімізді жаулап алуы бек мүмкін.

Бүгіннің өзінде Астана мен Алматы қалаларында эргонимдік атаулар көптеп кездесіп отыр. Бұл орайда екі қаладағы жаңадан салынған тұрғын үй кешендері атауларының тілдік сипатына тоқталғанды жөн көрдік. «Крыша» сайтына кірсеңіз, Қазақстандағы барлық қалалардың, облыс орталықтарындағы тұрғын үй кешендерінің аттары түзілген. Ал сан жағынан ең басымы Алматы мен Астана болып тұр. Біз тек Астана қаласының тұрғын үй кешендерінің атауларын қарадық. Жалпы саны 490, оның ішінде қазақ тіліндегі 257 атау, орыс тіліндегі 233 (ішінара шет тілдік атаулар кириллицамен берілген), ағылшын тілінде, латын графикасымен 49 атау берілген, яғни 10 пайызы.

Тұрғын үй кешендері атауларының семантикасына назар аударсақ, Астана қаласында: қазақ тіліндегі атаулар: Алтын Бұлақ, Алтын Ғасыр, Алтын Жиек, Алтын Қорған, Алтын Ұя, Жайдарман, Елімай, Еңлік, Еркежан, Арман Қала, Әсем Қала, Атамекен және т.б. Осы сынды семантикасында ұлттық мазмұны қою атаулар кез келген қазақтың жанын тербейтін, өзіндік эстетикасы бар.

Ал орысша атауларға келсек, Венский квартал, Английский квартал, Верный, Версаль, Визит, Виктория, Возрождение, Времена года, Гармония, Городской романс, Гранд Астана Элит, Замечательный, Звезда Астаны, Зелёный квартал және т.б. Бұл атауларда қазақша және шет тілдік аралас элементтер көп кездеседі.

Латын графикасындағы ағылшын тіліндегі атаулар: Premier Palace, Millennium Park, Barselona, Arman De Lux, Akbulak Hills, Grand Alatau, Golden Towers, Rixos Khan Shatyr, т.б.

Алматы қаласы бойынша да тұрғын үй кешендері атауларының тілдік бейнесі осыған жақын келеді, бірақ жалпы сан жағынан басым келетіндігі белгілі. Ағылшын тілді атаулардың сипаты Apple Town, Dostyk Residence, Esentai Palace, Royal Gardens деп кете береді.

Салыстыру мақсатында Мәскеу қаласының тұрғын үй кешендері атауларының тілдік сипатын байқап көрдік, олардың санына жете алмай кеттік, мың жарымнан едәуір асып түседі. Бірақ бізді таңғалдырғаны, ағылшын тіліндегі атаулар шамамен 5-7 пайызға әзер жетеді екен. Негізінен, таза орыс тіліндегі төл атаулар, оның ішінде Мәскеу қаласының тарихи жерлері қайталанып келетін немесе поэтикалық, көркем атаулар көптеп кездеседі. Мысалы, Князь Долгоруков, Спасские ворота, Пречистенка, Малиновый ручей, Марьина роща, Чеховский посад, Снегири, Назарьевские пруды, Лазоревый проезд, Ботанический сад, Ольховка, Новое Ступино, Белые росы, Мытищи, Новое Медведково, Высокие Воробьи, Дом у ручья және т.б. Мәскеуліктердің тарихи, мәдени, эстетикалық, жалпы ұлттық танымын айқындап тұр.

Жарайды, мұны жаһанданудың лебі делік, одан айналып өткен бірде-бір мемлекет жоқ шығар. Бірақ Алматыдағы негізінен таза ағылшын тілінде қолданылатын эргонимдердің арасында қызмет көрсету нысандарының, оның ішінде түрлі фитнес клубтарының аттары біздің назарымызды еріксіз аударды. Олардың басым көпшілігі тек ағылшын тілінде. Мысалы, бір сөзбен келетін атаулардан өзге мынандай күрделі атаулар көп кездеседі: Crossfit Brute Force (Кроссфит Брут Форс), Fideliti Helt&Spa (Фиделити Хэлс энд Спа), Invictus Fitness&Crosfit (Инвиктус Фитнес Энд Кроссфит), Vira Bhadra Yoga Rooms (Вира Бхадра Йога Румс). Бұлардан кім не түсінеді? Қатардағы қала тұрғындарының барлығы бірдей оқи да, түсіне де алмайды. Бізге, әйтеуір, фитнес сөзі ғана таныс.

Осыған ұқсас пікірді жаңаөзендік М.Лұқпан деген азамат та айтады: «Жаңаөзендік құрылыс мекемелерінің атауы аталғанда құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиетіні анық. Мысалы, құрылыс жұмыстарын жүргізетін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден «Жер-Су», «Жақ-Жал» (Жақсылық-Жалғас), «Құрылыс монтаждау ЖК», «Өзен құрылыс», «Алғыс», «Өркен-1» деген сияқты атаулармен аталады. Ал Ақтаудан келіп құрылыс жұмыстарын жүргізетін кейбір жеке серіктестіктердің атынан ат үркеді. Шынын айтқанда, әлгі мекемелердің атын атауға жетекшілерінің де бірден тілі келмей қалатын шығар. Маңдайшадағы атын бірден оқып түсіну мүмкін емес. Ал мағынасының қалай екенін екінің бірі біле бермейді. Оған көз үйренбеген басқа қаріптермен бізге жат тілде жазылғандығы себеп болып отыр. Сондықтан ондай атаулар жалпы жұрттың есінде қала бермейді. Мысалы, «NEW dynamic sistem» ЖШС, «Caspian Dive Services» ЖШС, «Design School» деген ЖШС-лардың атауынан не түсінуге болады? Бұлардікі тек қана өзгелерге еліктеу сияқты. Әйтпесе бұл компаниялардың қожайындарына мекемеңнің атауын осылай ата деп ешкім зорлық жасамаған шығар. Бұл тек ірі қаладан тыс шағын қалалардағы эргонимдердің қолдану ахуалын қатардағы қарапайым азаматтың көзімен көрсететін ақиқат шындық.

Расында, бұл атаулардың ең болмағанда санын азайтуға болмас па екен? Бұл коммерциялық нысандардың иелері мемлекеттік тіркеуден өтеді, сонда атты өз еріктерімен таңдайды, айдар тағады. Қой дейтін қожа жоқ, құқығын ешкім шектей алмайды. Солай екен деп жүре берсек, қаланың тілдік ортасын қалыптастыратын ағылшынтілді бутик, спа-салондардың, маңдайшасында аты жазылған ірілі-ұсақ саны жоқ коммерциялық нысандардың атаулары күн озған сайын арта түсе ме деген қауіп бар. Сонда ұлттық құндылықтарымыз, жас ұрпақты тәрбиелеудегі игі мұраттарымыз қайда қалмақ? Космополиттік мазмұндағы тілдік ортада жүрген жеткіншек қандай құндылықтарды бойына сіңіріп, бағалайды? Онсыз да ғаламторда отыратын жастардың санасы вестернденіп, батыстық антиқұндылықтармен уланып келеді.

Жастардың, жалпы қала тұрғындарының санасында ағылшын тілінде жазылған Астана, Алматыдағы бес жұлдызды қонақүй атауы, отельдер, тұрғын үй кешені немесе спа-салон атаулары болсын, кейбір адамдар тарапынан жоғары еуропалық сапаның, элиталықтың көрсеткіші ретінде қабылданып жүргені өкінішті.

Айтпағымыз, еліміздің екі мегаполисінің ономастикалық кеңістігі, тілдік ортасының мазмұнын, атаулар­репертуарын ұлттандыруға ұмтылу керек. Қарап отырсақ, мәскеуліктерге қарағанда, бізде көрсеқызарлық, еліктегіштік басым ба? Соның әсерінен біз жаһандануға тезірек бойлап бара жатқандаймыз. Болашақты ойласақ, бұл жайт бәрімізді толғандыруы қажет.

Алматы, Астана қалаларында аты жоқ көшелерге ат қою үшін қазақша атаулардың тізімін жасайды. Оның ішінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі көптеген тарихи атаулар, шартты атаулар, поэтикалық атаулар кездеседі. Сондай тізімді тұрғын үй кешендерін тұрғызатын құрылыс компанияларының иелеріне әдемі де әуезді қазақи ат таңдау үшін неге ұсынбасқа? Қазақ тілі аса бай, көркемдік әлеуеті жоғары, Абайдың тілі дейміз. Сол тілде сәтті тіркестер, метафоралық теңеулер аз ба? Кәсіпкерге ат ұсыну мүмкіндігін беретін, болмаса міндеттейтін талаптар ойластыру керек болар.Еліміз нарықтық экономика кеңістігіне енуімен қатар ономастиканың бұрын еленбей келген көптеген сала-тармақтары жандана бастады. Олардың арасында ұлтымызға жат космополиттік атаулар жаһандану үдерісінің бір көрінісі ретінде пайда бола бастады. Бұл үрдіс төл атауларымызға теріс ықпалын тигізетіні сөзсіз. Космополитизм (гр. kosmopolіtes) – әр ұлттың төл мәдениетін дамытудан гөрі жаһандану үдерісі арқылы бүкіләлемдік бірегей мәдениет қалыптастыруды артық көретін шектеулі дүниетанымдық бағыт.

Космополиттік сипатқа, әсіресе, коммерциялық аталым нәтижесінде пайда болған эргонимдер мен прагматонимдер жатады. Олардың көбісі қоғамдағы вестерндеу үдерісін күшейте түседі. Вестерндеу дегеніміз «батыстану» дегенді білдіреді.

Осы ретте ғылыми айналымдағы эргоним, прагматоним терминдеріне тоқталсақ. Эргоним жалпы мәнде адамдардың іскери бірлестік­тері­нің жалқы атауы, компания, фирма, ЖШС, акционерлік бірлестіктер, cауда орта­лықтары, ойын-сауық кешендері, сұлулық салондары, бутиктер, жалпы коммерциялық ны­сана атауларын белгілейтін термин ретінде белгілі. Мысалы, Samsung, Toyota, Nestle. Coca-Cola, KFС және т.б. Осыған жақын прагматоним термині тауарлық таңба, бренд (корпоративтік бренд, жеке бренд, мультибренд) атаулары, сондай-ақ, қандай да бір заттың маркасын, сұрпын білдіретін атау. Эргоним мен прагматоним кейбір жағдайларда араласып, коммерциялық атау ретінде қатар қолданыла береді. Эргонимдік атаулардың елімізде кеңінен қанат жайып бара жатқаны ойландырмай қоймайды. Бұдан сақтанудың жолы қандай? Осы бағытпен кете берсек, ендігі бір он-жиырма жылда мұндай атаулар ономастикалық кеңістігімізді жаулап алуы бек мүмкін.

Бүгіннің өзінде Астана мен Алматы қалаларында эргонимдік атаулар көптеп кездесіп отыр. Бұл орайда екі қаладағы жаңадан салынған тұрғын үй кешендері атауларының тілдік сипатына тоқталғанды жөн көрдік. «Крыша» сайтына кірсеңіз, Қазақстандағы барлық қалалардың, облыс орталықтарындағы тұрғын үй кешендерінің аттары түзілген. Ал сан жағынан ең басымы Алматы мен Астана болып тұр. Біз тек Астана қаласының тұрғын үй кешендерінің атауларын қарадық. Жалпы саны 490, оның ішінде қазақ тіліндегі 257 атау, орыс тіліндегі 233 (ішінара шет тілдік атаулар кириллицамен берілген), ағылшын тілінде, латын графикасымен 49 атау берілген, яғни 10 пайызы.

Тұрғын үй кешендері атауларының семантикасына назар аударсақ, Астана қаласында: қазақ тіліндегі атаулар: Алтын Бұлақ, Алтын Ғасыр, Алтын Жиек, Алтын Қорған, Алтын Ұя, Жайдарман, Елімай, Еңлік, Еркежан, Арман Қала, Әсем Қала, Атамекен және т.б. Осы сынды семантикасында ұлттық мазмұны қою атаулар кез келген қазақтың жанын тербейтін, өзіндік эстетикасы бар.

Ал орысша атауларға келсек, Венский квартал, Английский квартал, Верный, Версаль, Визит, Виктория, Возрождение, Времена года, Гармония, Городской романс, Гранд Астана Элит, Замечательный, Звезда Астаны, Зелёный квартал және т.б. Бұл атауларда қазақша және шет тілдік аралас элементтер көп кездеседі.

Латын графикасындағы ағылшын тіліндегі атаулар: Premier Palace, Millennium Park, Barselona, Arman De Lux, Akbulak Hills, Grand Alatau, Golden Towers, Rixos Khan Shatyr, т.б.

Алматы қаласы бойынша да тұрғын үй кешендері атауларының тілдік бейнесі осыған жақын келеді, бірақ жалпы сан жағынан басым келетіндігі белгілі. Ағылшын тілді атаулардың сипаты Apple Town, Dostyk Residence, Esentai Palace, Royal Gardens деп кете береді.

Салыстыру мақсатында Мәскеу қаласының тұрғын үй кешендері атауларының тілдік сипатын байқап көрдік, олардың санына жете алмай кеттік, мың жарымнан едәуір асып түседі. Бірақ бізді таңғалдырғаны, ағылшын тіліндегі атаулар шамамен 5-7 пайызға әзер жетеді екен. Негізінен, таза орыс тіліндегі төл атаулар, оның ішінде Мәскеу қаласының тарихи жерлері қайталанып келетін немесе поэтикалық, көркем атаулар көптеп кездеседі. Мысалы, Князь Долгоруков, Спасские ворота, Пречистенка, Малиновый ручей, Марьина роща, Чеховский посад, Снегири, Назарьевские пруды, Лазоревый проезд, Ботанический сад, Ольховка, Новое Ступино, Белые росы, Мытищи, Новое Медведково, Высокие Воробьи, Дом у ручья және т.б. Мәскеуліктердің тарихи, мәдени, эстетикалық, жалпы ұлттық танымын айқындап тұр.

Жарайды, мұны жаһанданудың лебі делік, одан айналып өткен бірде-бір мемлекет жоқ шығар. Бірақ Алматыдағы негізінен таза ағылшын тілінде қолданылатын эргонимдердің арасында қызмет көрсету нысандарының, оның ішінде түрлі фитнес клубтарының аттары біздің назарымызды еріксіз аударды. Олардың басым көпшілігі тек ағылшын тілінде. Мысалы, бір сөзбен келетін атаулардан өзге мынандай күрделі атаулар көп кездеседі: Crossfit Brute Force (Кроссфит Брут Форс), Fideliti Helt&Spa (Фиделити Хэлс энд Спа), Invictus Fitness&Crosfit (Инвиктус Фитнес Энд Кроссфит), Vira Bhadra Yoga Rooms (Вира Бхадра Йога Румс). Бұлардан кім не түсінеді? Қатардағы қала тұрғындарының барлығы бірдей оқи да, түсіне де алмайды. Бізге, әйтеуір, фитнес сөзі ғана таныс.

Осыған ұқсас пікірді жаңаөзендік М.Лұқпан деген азамат та айтады: «Жаңаөзендік құрылыс мекемелерінің атауы аталғанда құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиетіні анық. Мысалы, құрылыс жұмыстарын жүргізетін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден «Жер-Су», «Жақ-Жал» (Жақсылық-Жалғас), «Құрылыс монтаждау ЖК», «Өзен құрылыс», «Алғыс», «Өркен-1» деген сияқты атаулармен аталады. Ал Ақтаудан келіп құрылыс жұмыстарын жүргізетін кейбір жеке серіктестіктердің атынан ат үркеді. Шынын айтқанда, әлгі мекемелердің атын атауға жетекшілерінің де бірден тілі келмей қалатын шығар. Маңдайшадағы атын бірден оқып түсіну мүмкін емес. Ал мағынасының қалай екенін екінің бірі біле бермейді. Оған көз үйренбеген басқа қаріптермен бізге жат тілде жазылғандығы себеп болып отыр. Сондықтан ондай атаулар жалпы жұрттың есінде қала бермейді. Мысалы, «NEW dynamic sistem» ЖШС, «Caspian Dive Services» ЖШС, «Design School» деген ЖШС-лардың атауынан не түсінуге болады? Бұлардікі тек қана өзгелерге еліктеу сияқты. Әйтпесе бұл компаниялардың қожайындарына мекемеңнің атауын осылай ата деп ешкім зорлық жасамаған шығар. Бұл тек ірі қаладан тыс шағын қалалардағы эргонимдердің қолдану ахуалын қатардағы қарапайым азаматтың көзімен көрсететін ақиқат шындық.

Расында, бұл атаулардың ең болмағанда санын азайтуға болмас па екен? Бұл коммерциялық нысандардың иелері мемлекеттік тіркеуден өтеді, сонда атты өз еріктерімен таңдайды, айдар тағады. Қой дейтін қожа жоқ, құқығын ешкім шектей алмайды. Солай екен деп жүре берсек, қаланың тілдік ортасын қалыптастыратын ағылшынтілді бутик, спа-салондардың, маңдайшасында аты жазылған ірілі-ұсақ саны жоқ коммерциялық нысандардың атаулары күн озған сайын арта түсе ме деген қауіп бар. Сонда ұлттық құндылықтарымыз, жас ұрпақты тәрбиелеудегі игі мұраттарымыз қайда қалмақ? Космополиттік мазмұндағы тілдік ортада жүрген жеткіншек қандай құндылықтарды бойына сіңіріп, бағалайды? Онсыз да ғаламторда отыратын жастардың санасы вестернденіп, батыстық антиқұндылықтармен уланып келеді.

Жастардың, жалпы қала тұрғындарының санасында ағылшын тілінде жазылған Астана, Алматыдағы бес жұлдызды қонақүй атауы, отельдер, тұрғын үй кешені немесе спа-салон атаулары болсын, кейбір адамдар тарапынан жоғары еуропалық сапаның, элиталықтың көрсеткіші ретінде қабылданып жүргені өкінішті.

Айтпағымыз, еліміздің екі мегаполисінің ономастикалық кеңістігі, тілдік ортасының мазмұнын, атаулар­репертуарын ұлттандыруға ұмтылу керек. Қарап отырсақ, мәскеуліктерге қарағанда, бізде көрсеқызарлық, еліктегіштік басым ба? Соның әсерінен біз жаһандануға тезірек бойлап бара жатқандаймыз. Болашақты ойласақ, бұл жайт бәрімізді толғандыруы қажет.

Алматы, Астана қалаларында аты жоқ көшелерге ат қою үшін қазақша атаулардың тізімін жасайды. Оның ішінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі көптеген тарихи атаулар, шартты атаулар, поэтикалық атаулар кездеседі. Сондай тізімді тұрғын үй кешендерін тұрғызатын құрылыс компанияларының иелеріне әдемі де әуезді қазақи ат таңдау үшін неге ұсынбасқа? Қазақ тілі аса бай, көркемдік әлеуеті жоғары, Абайдың тілі дейміз. Сол тілде сәтті тіркестер, метафоралық теңеулер аз ба? Кәсіпкерге ат ұсыну мүмкіндігін беретін, болмаса міндеттейтін талаптар ойластыру керек болар.

Тегтер: жарнама, слоган, маркетинг, тәсіл, прагматоним, Вестерндеу, коммерция, бренд,

Сондай-ақ, оқи отырыңыз