Еліміздің ілеспе аудармашылары озық тәжірибелерімен бөлісті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша  Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдіст...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

27 тамыз, 2016

Аталған шеберлік кластары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аударма жасайтын аудармашылардың біліктілігін арттыруды көздеді.

Шеберлік кластарында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылды. Сонымен қатар аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөлісті.

Шеберлік кластарын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова және тәжірибелі ғалым аудармашылар жүргізді.

Шеберлік сабақтарына орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұлттық компаниялардың аудармашылары қатысты.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталды.

Шеберлік кластарының 2-кезеңі үстіміздегі жылдың қазан айында өткізіледі деп жоспарлануда.


Баға беріңіз