Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Үштұғырлы тілді дамыту – заман талабы

09.08.2016 1542
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үштілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек». Н.Ә. Назарбаев

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 12-сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» деген. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі –мемлекеттіктіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін дамытады. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

Осы орайда, оқу орындарына, тіл оқыту орталықтарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзыреттіліктерді игерген көптілді жеке тұлға қалыптастыру. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды оқытып шығару – біздің бүгінгі міндетіміз. Сондықтан көптілді білім берудің басты мақсаты – өзін-өзі әлеуметтік және өздігінен кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті, әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту.

Бұл міндеттің жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізді деп айтуға болады.

Тіл – белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою – бүгінгі негізгі бағыттардың бірі.

Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығында осы бағытта жұмыстар жасалып жатыр.Ұжымда өз ісін жақсы меңгерген мамандар жұмыс істейді. Облыс бойынша қаламызда 112 топ болса, ал аудандарымызда 330 топ ашылған.

Ұжымның шығармашылық тобы ҚАЗТЕСТ негізінде мемлекеттік тілді оқыту әдістерін жетілдіру мақсатында жыл сайын ауқымды жұмыс жасайды. Мекемелер мен ұйымдар басшыларының өтініші бойынша, оқыту- әдістемелік орталығында оқытушылардан құрылған арнайы комиссия тобы әр апта сайын ҚАЗТЕСТ негізінде тест қабылдайды.

Қ.Б.Төлекеев басшылық ететін Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы мемлекеттік тілді сапалы жүргізу үшін барлық жағдай жасап, оқытушыларды жоғары деңгейде әдістемелік құрал-жабдықтармен, қосымша әдебиеттермен, бейне, үнтаспа материалдарымен қамтамасыз етеді.

Жылдық жоспарға сәйкес, Орталықта әртүрлі әдіс-тәсілдер пайдаланып, мазмұнды ашық сабақтар өткізіліп тұрады. Тоқушева Айман, Мағажанова Салтанат, Жамұханова Қарагөз, Ысқақова Гүлсім, Орлова Динара сияқты оқытушылар сапалы сабақ беру әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеріп, өз ісінің білгір мамандары ретінде өздерін көрсете алды.

Оқыту-әдістемелік орталықтың ағылшын тілі оқытушысы Дина Нұрпейісова өткен жылдың жаз айларында Кипрде өткен халықаралық мамандандыру курстарында кәсіби білімін жетілдіріп, сертификат алды. Өз ісінің майталманы Дина әріптестері мен тыңдаушыларының арасында сыйлы маман.
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек.

«Тілі бірдің–тілегі бір», «Тіл тағдыры –ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз.

Тегтер: мемлекет, елбасы, тіл, тәуелсіздік, салт-дәстүр

Сондай-ақ, оқи отырыңыз