Қазақ тілін жетік меңгерген орыс жастарының арасындағы бәйгені тамашалаңыздар!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті қазақ тілін жетік меңгерген орыс жастары арасында X республикалық «Тіл-парасат» байқауын ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

14 қараша, 2016

Байқау орыс жастарының қазақ тілін меңгеруге деген ынтасын арттыру, қазақ тілінің мәні, тарихы мен бүгіні туралы мағлұматтар бере отырып, орыс жастарының сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білу, қазақ тілін меңгерген дарынды орыс жастарын насихаттау және оларға қолдау көрсетуді мақсат етеді.

Байқауға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.

Байқау ауызша тұсаукесер, таңдалған тақырып бойынша қазақша эссе жазу, берілген тақырыптар бойынша диалог құру, «Шабыт жұлдызы» атты шығармашылық тапсырмалардан тұрады.

Байқау соңында арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Байланыс телефондары: 8(7172)408397, 87023768400


Баға беріңіз