АНОНС

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылғы тамыз айының 22-26 күндері Батыс Қазақстан облысында «Қазақстанның болаша...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

10 тамыз, 2016

Жоба орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін насихаттауға арналған. Ол Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі болып табылады. Жоба аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қазақ тілінің мол мүмкіндіктері жөнінде де әңгіме болады.

Соған орай, жоба аясында мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге байланысты кездесулер өткізіледі. Осы кездесулерде тілдің мемлекеттік мәртебесі және оны қазақстандықтардың барлығы меңгеруі жөнінде дәрістер оқылады, пікір алмасулар ұйымдастырылады.

Жоба орыстілді азаматтардың мемлекеттік тілді барынша құрметтеуге, меңгеруге деген ынтасын арттыруға үлес қосады.

Жоба аясында Орал қаласы мен аудандарында кездесу, дөңгелек үстел, көрме ұйымдастырылады.


Баға беріңіз