​Бас қаладағы даңғылға Бөкейхан есімі беріледі

Tilalem.kz

Tilalem.kz

03 қараша, 2016

Еңбекшілер көшесі Әлихан Бөкейханның атына ауыстырылады. Үкімет жанындағы онамастикалық комиссияның отырысында еліміздің біртуар тұлғаларына көше аттары берілді. Бұл туралы журналист Нұртөре Жүсіп өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Астанадағы Орынбор даңғылы Мәңгілік ел даңғылы болып өзгереді. Ал "№36 және Еңбекшілер көшесі біріктіріліп, Әлихан Бөкейхан даңғылы деп аталатын болды», - деп жазды Н.Жүсіп.

Оның айтуынша, Бұқар Жырауға, Нияз биге, Кенен Әзірбаевқа, Бейімбет Майлинге, Ханшайым Сүйінбикеге, Темірбек Жүргеновке, Сұлтанбек Қожановқа, Рабиға Есімжановаға, Сәкен Жүнісовке, Қайым Мұхамедхановқа бір-бір жаңа көше бұйырды.


Баға беріңіз