​Ілеспе аударма жүргізуден шеберлік сабақтары өткізіледі

Мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында осы жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүрг...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

24 қазан, 2016

Оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында ұйымдастырып отыр. Шеберлік сабағы Астана қаласында, А.Иманов көшесі 13-те өткізіледі.

Аталған шеберлік сабақтарының мақсаты қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру болып табылады.

Шеберлік сабағында аударма теориясы, жазбаша және ауызша аударма ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық модельдер, сөздік қорды байыту бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасының және аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік сабақтарын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова жүргізеді.

Шеберлік сабақтарына ғалымдар, аударма саласының мамандары, министрліктер мен әкімдіктердің, облыстық, қалалық тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің ілеспе аудармашылары қатысады.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Байланыс телефондары: факс: 8 (7172) 408397; тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс); 87472642646; 87013198887


Баға беріңіз