​«Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті»

Астанада осындай атпен республикалық семинар-тренинг өткізіледі.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

21 қазан, 2016

Семинар-тренингті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ ұйымдастырады.

Елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше екені белгілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен оны дамытуда БАҚ-тың рөлі айрықша.

Семинар-тренингте кәсіби мамандар дәріс оқып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылуы мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.

Шараға тіл білімі және журналистика саласының ғалымдары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл саласына жауапты құрылымдардың басшылары мен мамандары, телеарна, радио тілшілері қатысады. Семинар-тренинг қортындысында тілшілерге сертификат табысталады.

Шара Ұлттық академиялық кітапханада, 28 қазанда, сағ.:10.00-да болады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 74-09-85, 40-83-97, 8-702-376-84-00


Баға беріңіз