​Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа ескерткіш қойылды

Бүгін бас қаладағы Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында​ Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Ескерткіштің биіктігі 11 ме...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

19 қазан, 2016

Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев:

– Қазақ жауынгері Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі өскелең ұрпақтың жадында сақталуы керек. Сол себепті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында елордада аты аңызға айналған нағыз жауынгерге арнап ескерткіш орнатылды, - деді.

Монументті орнатуға Елорда әкімдігі бастамашы болып, ескерткішті дайындап, орнатуға «BI-Group» компаниясы демеушілік жасаған.

Рақымжан Қошқарбаевтың есімі 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік рейстагтың үстіне ту тіккен батырлығы арқылы белгілі. Ол 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылының жанындағы қыстақта дүниеге келген. Анадан ерте айрылады, әкесі ГУЛАГ лагерьлерінде болады. Өз өмірі туралы Рақымжан Қошқарбаев «Штурм» деген кітабында жан-жақты баяндайды.

1945 жылдың 30 сәуiрiнде, Рақымжан Қошқарбаев шайқасқан 150-атқыштар дивизиясы Рейхстагқа шабуыл жасайды. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов фашистердің бас кеңсесiне өзгелерден бұрын жетiп, жеңiс туын тiгедi. Бұл ерлікті жасаған кезде ол небары 21 жаста ғана болған.



Баға беріңіз