​Заң атауынан бастап түсінікті болуы тиiс

Заң жобалары атауынан бастап азаматтар үшiн түсiнiктi болуы керек. Мәжiлiсте «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасын талқылау барысында төменгi палатаның төрағасы Нұрлан Нығматулин о...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

19 қазан, 2016

«Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасын талқылау барысында депутаттар құжаттың атауы оның мазмұнына сәйкес келмейтiнiн айтты. Бұл ұсынысты Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин қолдады. Бұл туралы Baq.kz тiлшiсi хабарлайды.

«Заң жобасының атауын өзгерткен дұрыс шығар. Мысалы, «қылмыстың кейбiр түрлерiнен жәбiр көргендердiң зардабын өтеу» деп атауға болады. Заң жобасының мәнi қор құруда емес, жәбiрленушiлерге өтемақы төлеуде болып отыр. Заң жобалары атауынан бастап азаматтар үшiн түсiнiктi болуы керек. Атауын оқыған адам бiрден заң жобасының не жөнiнде екенiн ұғуы тиiс. Ең бастысы, заңдар адамдар үшiн жазылуы керек», - дедi Нұрлан Нығматулин.


Баға беріңіз