​Қазақ тілінде де құдайға жалбарынуға болады

Жас кезінде Абай: Физули, Шәмси, Сайқали, Науаи, Сағди, Фирдоуси, Қожа-Хафиз бү һеммәси Мәдәт бер иә шағири фәрияд!- деп еліктеді.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

14 қазан, 2016

Кейін «Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы, Ол - ақынның білімсіз бишарасы» деп ақынға ғана емес, барлық қазаққа ұстаным боларлық ой тастады. Тілді шұбарламау бүгінгі таңда да аса қажет екені даусыз.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев:

- Қазақ тілі - өте бай. Сондықтан кірме сөздерді қолданбауға тырысайық. Бүгінгі таңда кейбір азаматтар кірме сөздерді қолдануға құмар. Оған мысал ретінде «ифтар», «машаллах» сөздерін» айтуға болады. Әйтпесе, «ифтарды» қазақ халқы осы уақытқа дейін ауыз ашар, «машалланы» құдай қаласа деп айтып келді ғой. Сондықтан теріс ағымдарға тойтарыс беру үшін біз өз рухани құндылығымызды сақтап қалуымыз керек. Сол кезде жастарымыз жат ағымдарға ермейтін болады.


Баға беріңіз