​Бөкейханның атына үлкен көше беріледі

Бұл туралы бүгін Астана қаласы әкімдігінде өткізілген көпшілік тыңдау барысында айтылды. Онда елорданың кейбір көшелеріне ат беру және кейбірінің атауларын өзгерту мәселелері қаралды. Әлихан Бөкейх...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

14 қазан, 2016

Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады. Көпшілік тыңдау жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық басқармалардың басшылары, ПИК қауымдастықтары, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мәслихат депутаттарының алдында баяндама жасаған Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Төлеуғали Қышқашбаев:

-- 2015-16 жылдары Астана қаласының ономастикалық комиссиясына қала тұрғындарынан, зиялы қауым өкілдерінен және аймақтардан 77 ұсыныс келіп түсті. Оның 20-сы қаралады.

Астанада атаулары бірдей көшелер бар, мысалы, Жамбыл Жабаев, Тарас Шевченко, Иван Панфилов көшелері. Сондықтан олардың бірін қалдырып, екіншісінің атауын өзгерту ұсынылып отыр. Қазіргі кезде көшелерге Бұқар жырау, Нияз би, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Қайым Мұхамедханов, Рабиға Есімжанова, ханшайым Сүйінбике, Сәкен Жүнісовтың атын беру ұсынылып отыр. А193 көшесін Бейімбет Майлин көшесіне қосу керек. Биыл Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл болатындықтан, оның атына басқа үлкен көше беру туралы ұсыныстар көптеп түсуде. Орынбор көшесін Мәңгілік ел деп атау ұсынылып отыр. Себебі, мұнда «Мәңгілік ел» қақпасы орналасқан, - деді.

Дегенмен депутаттар бұрынғы атауды қалдыруды ұсынды. Өйткені Орынбор – Қазақстанның алғашқы астанасы, оның жанында Ақмешіт, Түркістан, Сығанақ көшелері бар.

- Орынбор көшесін қайта атау туралы мәселе біздің ғана емес, біздің ғалымдарымыздың да пікірі. Орынбор көшесі жойылмайды, оның атымен басқа көше аталады, - деп жауап берді оларға басқарма басшысы.

Кейбір мектептерге Мұстафа Шоқайдың, Мыржақып Дулатовтың және басқа да тұлғалардың есімдері берілмек. Сондай-ақ, «Жастар» театрына Жұмабек Ташеновтың атын беру ұсынылды.


Баға беріңіз