"Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде" жобасы қорытындыланады

Елімізде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен орыстілді азаматтар арасында "Қазақстанның болашағы - қазақ тіл...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

09 қазан, 2016

Бүгін бас қаладағы «Дипломат» қонақ үйінде өткізілетін қорытынды брифингке жоба жетекшісі, қоғам қайраткері Д.Көшім, белгілі саясаткерлер А.Сарым, Р.Жұмалы, М. Ахметов, О.Асанғазы және т.б. қатысады. Онда «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» жобасы аясында өткізілген шаралар қорытындыланады.

Жобаның мақсаты -- мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру, орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттайтын «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» кешенді шараларын өткізу және ұйымдастыру.

Жоба аясында аталған облыстарда үстіміздегі жылдың 15 тамызынан 13 қыркүйекке дейін кездесу, дөңгелек үстел, брифинг түрінде барлығы 34 шара өткізілді. Жобаның жұмыс тобы құрамында белгілі саясаткерлер және қоғам қайраткерлері, жергілікті жерлердегі Тілдерді дамыту және Ішкі саясат басқармаларының басшылары болды. Жобаның барлық шараларына белгілі қоғам қайраткері Дос Көшім жетекшілік етті.

Шаралар Ақтөбе облысының Алға, Мәртөк Хромтау, Мұғалжар, Қарғалы аудандары және Ақтөбе қаласында, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Теректі, Зеленов аудандары және Орал қаласында, Алматы, Астана қалаларында өткізілді.

Аталған шараларға шамамен өңірлерден 1 700-ден астам адам қатысты.


Баға беріңіз