«Заңнама мәтіндері: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдерді біріздендіру мәселелері» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іск...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 қазан, 2016

Семинарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Редакциялау және аударма бөлімінің бас консультанты Есімов Жәнібек, ҚР Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің редакциялық сараптама және актілерді шығару секторының меңгерушісі Сағын Бекзада, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты редакциялық баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Әбдірәсілов Ербол, Қазақстан Республикасы Заңнама институты Лингвистика орталығының бастығы Мырзаева Шолпан, Қазақстан Республикасы Заңнама институты Лингвистика орталығының аға ғылыми қызметкері Шолан Бекен сынды білікті мамандар мемлекеттік тілде заң жобаларын әзірлеу мен оларға лингвистикалық сараптама жасаудағы, заңдар мен халықаралық шарттар мәтіндерінің аудармаларындағы және мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізудегі өзекті мәселелер төңірегінде келелі ой қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Заңнама мәтіндеріндегі терминдерді біріздендіру мәселесі де жан-жақты талқыланды.

Іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер жобаларының мемлекеттік тілдегі нұсқаларын әзірлеуге және редакциялауға жауапты мамандары, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерлері қатысты.


Баға беріңіз