Кереку жерінде мүшәйра өткізілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Павлодар қаласында «Батыр – ел қорғаны!» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Конкурсты облыстық Тілдерді дамыт...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 қазан, 2016

Байқауға қала, аудандардан 16-25 жас аралығындағы 20-дан астам талапкерлер қатысып, олардың 15-і келесі кезеңге өтті. Әділқазылар алқасы қатысушыларды конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.

Үміткерлердің шығармаларына туған жердің әсемдігі, еліміздің тәуелсіздігі және Қазақстан халқының бірлігі мен достығы арқау болды.

Бәйгеде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Ахмади Ахмет өз қарсыластарынан оқ бойы озып, І орынды иеленді. ІІ орынға Ақсу қаласы, Үштерек жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Батырбек Мақсатхан, ІІІ орынға Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ интернатының оқушысы Архат Әлібек ие болды. Қатысушылар көрермендердің көңілінен шыға білді. Жас ақындардан патриоттық сезім және шығармаларынан Отанға деген адалдық байқалады.


Баға беріңіз