Жарнама тілін түзетуге кәсіпкерлерге көмектесеміз

– Қазіргі таңда мемлекеттік тіліміз аударма тілге айналып бара жатқандай. Кез келген көрнекі-ақпараттық материалдарды, жарнамаларды көрсеңіздер, қатемен жазылады, яғни дұрыс аударылмайды.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

03 қазан, 2016

Және өзіміз де сол орыс тіліндегі сөзді негізгі етіп аламыз да, оның аудармасын іздейміз.

Біздің кәсіпкерлерге айтар ұсынысымыз бар. Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы аталған олқылықтың орнын толтыру бағытында кәсіпкерлерге көмектесуді ұйғарып отыр. Алдағы уақытта кез келген кәсіпкер осы орталыққа келіп, жарнамасын қазақша жатық әрі әдеби көркем тілмен тегін жазғыза алады. Біздің ғалымдар мен мамандар қазақша жарнама жазуда кәсіпкерлерге көмек қолын созуға дайын. Жаңадан ашылған «Тіл әлемі» порталы да осы бағытта жұмыс жасайды.

Құрметті журналистер, Сіздер де осы мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған порталды, «Emle.kz», «Termincom.kz», «Atau.kz» сайттарының қоғамда қарқынды жұмыс жасауына ықпал етіңіздер, – деді Мәдениет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы .


Баға беріңіз