​Қарттарым, аман-сау жүрші!

Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да бұл күн Қарттар күні ретінде аталып өтіледі. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін ұлтымыз қарты қартайса, төрден орын ұсынып, тектілік танытқан.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 қазан, 2016

Қазыналы қарттар туралы қызықты мәлімет:

***

Қазақтарда ауылды ең жасы үлкен кісі, би немесе құрметті ақсақал басқарған. Ақсақалдар кеңесі қазақтың ғана заңнама шежіресінде бар.

***

Қазақтың бес мың жылдық тарихында қарттар үйі деген болмаған.

***

БҰҰ қарарына қарағанда, 90-ға жеткендер көп жасаушылар болып саналады. Қазақ көп жасап, әдемі қартайған адамды құрметтеп, «сүйегі асыл» деп жатады. Сүйегі асыл қарттар қазақтың көне тарихында көп болса да, әлемдік рекордтар кітабына енгені жоқ.

***

Әлемдегі көп жасаушылардың ішінде француздық Жанна-Луиза Кальман көш бастап тұр. Оның 122 жасқа (1875 - 1997гг.) дейін өмір сүргені құжатпен расталған. Үндістанның солтүстігіндегі Варанаси қаласының тұрғыны Махашта Мураси «Тарихтағы жасы ең үлкен адам» ретінде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді.

***

Ал кейбір деректер қытайлық Ч Ли Цинъюньнің 255 жасқа (1677 – 1933гг.) жеткенін айтады.

***

Гиннестің рекордтар кітабында ұлыбритандық апалы-сіңлілер Дороти Ричардс пен Марджори Раддлдың 108 және 105 жасқа жеткендігі жазылған.

***

Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, Жапония қарттарының өмір сүру ұзақтығының пайыздық көрсеткіші ең жоғары. 2890 жапондыққа бір 100 жастағы адам сәйкес келеді.

***

Соңғы зерттеулер кейінгі кезде адамдардың өмір сүру ұзақтығы ұлғайғандығын көрсетеді. 16 ғасырда Еуропада өмір сүру ұзақтығы 20 жасты құраса, 18 ғасырда 35-ке дейін өскен, ал 20-ғасырдың басында 50 жасқа, 20 ғасырдың аяғында 70 жасқа жеткен.

***

Сингапурда кәрі кісілер мен мүгедектер үшін арнайы бағдаршам орнатылған. Ол түймешікті басу арқылы іске қосылады. Түймешікті басқан кезде бағдаршамның жасыл көзі әдеттегіден ұзағырақ жұмыс істеп, қарт адам жолдың шетіне жеткенше жанып тұрады.

***

Ғалымдар кәрі адамдардың жадында 40-50 жастағыға қарағанда балалық пен жастық шақтағы оқиғалар анағұрлым жақсы сақталғанын анықтады.


Баға беріңіз