Қытай юаны қаптап келіп қалды

​Әлемдік валюталар қатарына Қытай юаны да қосылды
Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 қазан, 2016

Бұл туралы baq.kz хабарлады. Бүгіннен бастап юань ресми түрде халықаралық резервтегі валютаның бірі. Яғни, бұдан былай төрткүл дүниені билеген ақша төртеу емес, бесеу болмақ.

Әрі Қытай ақшасы жапонның иені мен британ фунтын ысырып, 11 пайыз үлеспен 3-орынды ойып тұрып алған. Яғни, жаһандағы сауда-саттықтың оннан бірі енді осы юаньмен жасалады деген сөз. Ал бірінші орында әдеттегідей – доллар. Ол жалпы қаржы нарығының 40 пайызын құрап отыр. Сұранысы соңғы кезде әлдеқайда азайған еуро 37 пайыздан 31-ге төмен түскен. Сарапшылар Еуроодақтың төл валютасы әрі қарай да төмендейді деген пікірде. Өйткені, халықаралық сауда-саттықта онымен есеп айырысу бұрынғыдай ұтымды болмай қалған көрінеді. Ал күшейген қытай ақшасын халықаралық қаржы қоры лезде әлемдік резервтік валюталар қоржынына кіргізіп қойды.


Баға беріңіз