​Қарағандының бір ауданына Әлихан Бөкейханның есімі беріледі

​Осыдан біраз уақыт бұрын қарағандылық зиялы қауым өкілдері Әлихан Бөкейханның есімін қала көшелерінің біріне беруді ұсынған болатын. Алты Алаштың көсемі атанып, қазақ елінің азаттығы жолында зиялы...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

30 қыркүйек, 2016

— Қадірлі ағайын! Ең алдымен, сіздерді Алаш қозғалысының көсемі, ардақты арысымыз Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Әлихан Нұрмұхамедұлы – ел еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін із қалдырған, бар ғұмырын қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы мен дербестігіне арнаған ұлы тұлға. Алаш ынтымағының, ұлылығы мен қуаттылығының діңгегі. Ұлт мәйегі. Мәңгілік соғар жүрегі деп айтуға болады.

Ал Алаш көсемінің өмір бойғы ұстанған: «Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген қағидасы бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге.

Алдағы уақытта Қарағанды облысының орталығында Әлихан Бөкейханның ескерткішін орнату, Қарағандыдағы бір ауданның атын Алаш арысымен атау жоспарланып отырғанын қуанышпен жеткізгім келеді. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен тұңғыш рет Әлихан Бөкейханның толыққанды 15 томдығы жарық көреді. Менің қолымда қазір алғашқы 2 томы. Жалғасын әлі де табатын болады.

Әрине, бұл келешек ұрпақты ұлттық мұратқа тартудың, Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы деп білемін. Ең бастысы бұл — көптің тілегі, — дейді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

«Қасым» порталы


Баға беріңіз